Суббота, 27 июля, 2024

Instagram@nurlyolke

Басқада

spot_img

«Балаларды жан-жақты дамытудың инновациялық әдіс-тәсілдері» тақырыбында шара өтті

Алматы қаласы Алатау ауданы КМҚК №76 бөбекжай-балабақшасында қалалық «Балаларды жан-жақты дамытудың инновациялық әдіс-тәсілдері» тақырыбында іс-тәжірбие таратты.

Алматы қаласы Білім басқармасының Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы 2024 жылғы 31  қаңтар  күні Алатау ауданы  КМҚК №76бөбекжай-балабақшасында   мектепке дейінгі ұйымдары жанынан құрылған құзыреттілік орталықтардың іс-тәжірибесін тарату мақсатында «Балаларды жан-жақты дамытудың инновациялық әдіс-тәсілдері» тақырыбында шығармашылық шеберханасы өтті.Мақсаты: Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2023 жылғы 1шілдедегі  №192 бұйрығына сәйкес  озық педагогикалық тәжірибені тарату және енгізу бойынша құрылған құзыреттілік орталықпен тәжірибе алмасу.Қатысушылар:Алматы қаласы Білім басқармасы, Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы,Алатау аудандық Білім бөлімі, балабақша меңгерушілері, әдіскерлері,тәрбиешілері.

№76 бөбекжай-балабақшасында 6 құзіреттілік орталық жұмыс істеуде.

1. «Ұлттық құндылық-ұлттық тәрбие»және ертегілер.

2. «В.Воскобовичтің   дамытушы  ойындары арқылы балалардың танымдық-шығармашылық қабілеттерін дамыту»

3.«Жасыл балабақша» жобасы арқылы балалардың зерттеушілік қабілеттерін дамыту

4.«REAL CRAFT дамытушы ойындарының тиімділігі» және «Робототехника»

5. «Ойын баланы дамытудың бастапқы құралы -Монтоссори жүйесі»

6. «Ақпараттық  технология»  жобасы

Балабақшада балалардың танымдық құзіреттілігін арттыру мақсатында «Су асты әлемі», «Біздің бау-бақша», «Метро» жасалды.

Сонымен қатар балабақшада бала денсаулығы үшін «Тұзды шахта» бар.

Алматы қаласының 2023-2025 жол картасы бойынша меңгеруші  Сингапур еліне барып тағлымдамадан өтті. 

«Табиғатты қорғау-Болашақты қорғау» жобасы бұл тақырыпты алу себебіміз:

Экологиялық алаңдар құрылады, экологиялық соқпақ, табиғатқа жол бағыты.Табиғат күнтізбесін модельдеу .Аймақта қоқыстанғандарды бақылайды.Ата-аналармен жұмыс. Экологиялық акциялар. Жас экологтың  лабораториялары . Экологиялық папкалар ұйымдастырылады.

Жобада ересектер тобы «Балдырған»және тәрбиешілер,әдіскер,ата-аналар жұмыс істеуде. Эко-зертханада балалармен бірге бақылап дәнді- дақылдар өсірілуде: бидай,арпа,жүгері.

Көкөністер;қызанақ,бұрыш,аскөк,шікілдек,пияз,сарымсақ,лимон.

Жемістер:құлпынай,алма. Тақырыптық көрмелер, байқаулар   өткізілуде.

Бұл жоба арқылы балаларда табиғатқа деген жан ашырлық дамиды.Табиғат құбылыстарының кейбір заңдылықтары, байқап-көре білуі, логикалық ойлауы, табиғатқа эстетикалық тұрғыдан қарау сезімі қалыптасуда..Өсімдіктер туралы ұғымдары кеңейтіліп, оның ішінде күнбағысқа т.б. өсімдіктерге тоқталып, оның күнге қарап өсуіне байланысты аталатын және дәнінен май сығып алып, күнделікті өмірде пайдаланатындығын айтып әңгімелеу, олардың сондай-ақ өсуі үшін белгілі бір жағдайлар — топырақ, ылғал, күннің нұры, жылуы керек екені түсіндіріледі.

Нәтижесінде біз балалар кішкентай кезінен бастап айналадағы табиғи        ортамен үнемі қарым-қатынаста болуды.Қоқыстардың қайта өңделіп пайдаға асыру жолдары,қоршаған ортаны таза ұстау, ластамау, үлкендердің еңбегін бағалау,құрметтеуді білуде.

Жаңалықтар | Новости

Instagram@nurlyolke