Суббота, 27 апреля, 2024

Басқада

Халықтың заңғар тұлғасы

Сартаев Султан Сартаевич қазақ елінің заң тарихында болған ұлы тұлғалардың бірі де бірегейі. Оның бала кезден арманы заңгер болу еді. Әдебиетке, өлеңге құштарлығы бар, өз елін ерек сүйген тұлға халқына қызмет қылуды арман еткен болуы керек. Өз арманын қуалап 1945 жылы Алматы заң институтына оқуға түседі. Оқу орнын 1949 жылы аяқтап әрі қарай аспирантура белесін бағындырып, заң аласында әртүрлі беделді қызметтер атқарады. Он студенттің ішінен жалғыз өзі ғылыми диссертациясын қорғап шыққанын да атап өтпей болмас. Білімге, кітапқа деген құштарлық, өз жұмысын зейінді жасауына, оны қорғауына себепкер болса керек. Осындай академик, профессор заңгердің өз жұмыс саласында, Қазақстан Республикасына да сіңірген еңбегі аз емес. Сонау қиын жылдарда Ата Заңымызды шегендеп, оның авторларының бірі болған ірі кесек тұлға. Егемендігімізді жариялау туралы декларацияныңда басы қасында болған, елімізге айтулы заңи оқиғалардың ішінде белсене қатысқан Сартаев Султан Сартаевич болашақ жастарға берері мол, қарымды заңгер еді. «Әлем континентіне сапар» кітабында Султан Сартаевич жиырмадан астам мемлекеттердің құқықтық жүйесіне салыстырмалы талдау жүргізген. Бұл еңбегі сұранысқа ие болып, бірнеше рет басылымдарға шыққан құқық ғылымдары саласы үшін ерекше сапалы, құнды еңбек. Өзінің өнегелі ғұмырында жастарды оқуға, жоспарлап жұмыс жасауға, білімді әрі білікті болуға шақырды. ҚазҰУ-інде білікті заңгер профессор ретінде қызмет етіп, жастарға, жас мамандарға дәрістер өткізіп, өз ғұмырындағы мол тәжірибесін жастармен бөлісті. Жыл сайын бірінші курс студенттерімен кездесу өткізуінің өзі неге тұрарлық десеңізші. Ол кісінің өзінің сөзімен айтсақ, сүрген ғұмырыңда жиған-тергеніңнің, ақылыңның бәрін өскелең жас ұрпаққа қалдыруымыз керек дейді. Сартаев Султан Сартаевич өз аңсаған арманына жетіп, халқына, өскелең жастарға өнегелі сөздері мен еңбектерін қалдырды. Осындай таудай биік тұлғаларға үлкен алғыс білдіріп, мақтан тұтамыз.

ҚазҰУ-і заң факультетінің 1 курс магистранты Турарбек Мадияр
з.ғ.к. Сманова Акмарал Бахтияровна

Жаңалықтар | Новости