Суббота, 27 апреля, 2024

Басқада

ЖЕРГІЛІКТІ АТҚАРУШЫ ОРГАН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

Алматы облысының жергілікті атқарушы органдары қызметкерлерінің қатысуымен мемлекеттік қызмет көрсету кезінде бұзушылықтардың алдын алу және азайту, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау мақсатында семинар өткізді.

Семинар барысында негізсіз бас тартудың ең көп тараған себептері, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілер көрсетілетін қызметті алушылардың бастапқы өтініштерінен бас тарту үшін толық емес негіздер ұсынатын кейстер туралы айтылды.

Семинарға қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алмасты, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыларға бағдарланған шешімдер қабылдау бойынша құзыреттерді дамыту бойынша тиісті ұсынымдар айтылды.

ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменттің мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы А.Байшоранов.

Жаңалықтар | Новости