Суббота, 27 апреля, 2024

Басқада

Шедеврум пайдаланушылары нейрожелі көмегімен мәтіндік сұраныс бойынша суреттерді өзгерте алады

Шедеврумда жаңа шығармашылық режим пайда болды: пайдаланушылар YandexARTнейрожелісінің көмегімен мәтіндік сұраныс бойынша суреттерді өзгерте алады. Фотосуреттерді өзіңіз қалағандай өңдей аласыз: түсін немесе фонын өзгерту, белгілі бір стильде қайта салу және тағы басқалар — формат тек қиялмен шектеледі. Егер нәтиже ұнаса, «фильтрумды» сақтауға және бөлісуге болады — солай достар мен басқа пайдаланушылар да оны жасап көре алады.

Жасауды бастау үшін, «Фильтрумдар» бөлімінен қол режимін таңдау керек. Содан кейін, пайдаланушы кез келген суретті немесе фотосуретті жүктей алады (мысалы: селфи, пейзаж фотосуреті, үй жануарлары немесе Шедеврумдағы сурет) және мәтіндік сұрауда суреттің қалай өзгеретінін сипаттай алады. Мысалы: «Импрессионизм стилі, жылы жұмсақ жарық, кең жағындылар, қызыл түссіз». Қосымша баптаулардың көмегімен, пайдаланушы нәтиженің бастапқы суреттен қаншалықты ерекшеленетінін бақылай алады.

YandexART технологияның жаңа мүмкіндіктерінің арқасында жүктелген суретті пайдаланушы анықтаған стильде толығымен қайта жасайды. Нейрожелі енді мәтіндік сұрауларды ғана емес, суреттерді де «түсінуді» біледі. Ол оларды векторлық көріністерге айналдырады, содан кейін біріктіреді. Нәтижесінде жаңа сурет пайда болады, ал қосымша технологиялар түпнұсқа ерекшеліктерін сақтауға мүмкіндік береді.

Бұрын Шедеврумда фотосуреттерді өзгерту үшін сегіз шығармашылық режим қосылған болатын. Енді қолданбада жаңа «фильтрумдар» пайда болды: өзіңізді аниме, манга немесе орыс халық ертегісінің кейіпкері ретінде сынап көре аласыз, үй жануарларының портретін ермексаз суреті немесе ашықхат стилімен сала аласыз. Жас нейросуретшілердің режимдерін де қолдануға болады. Олардың барлығы «Редактордың таңдауы» бөлімінде қол жетімді. Пайдаланушылар жасаған ең көп қолданылатын стильдер «Бір апта ішінде танымал болғандар» тізіміне енеді.

Шедеврум туралы

Шедеврум — бұл қолданушылар нейрожелі көмегімен бейне, суреттер және мәтіндер жасайтын, Яндекстің мобильді қолданбасы. YandexART суреттер мен анимациялар генерациялайды, ал YandexGPT тақырыппен және мағынасына сәйкес иллюстрациямен мазмұнды посттар алуға мүмкіндік береді.

Яндекс Қазақстан — машиналық оқыту және нейрожелі негізіндегі өнімдер мен сервистер жасайтын, технологиялық компания. Компания қолданушылардың өмірін жақсартып және Қазақстанда цифрлық ортаның дамуына бағытталған инновациялық технологияларды әзірлеумен және енгізумен айналысады. Елімізде қазірге таңда іздеу, қалалық, бұлттық және ойын-сауық сервистері жұмыс жасайды, сонымен қатар компания білім беру және әлеуметтік жобаларды да дамытуда.

Жаңалықтар | Новости