Суббота, 27 июля, 2024

Instagram@nurlyolke

Басқада

spot_img

Алмалы ауданының коммьюнити орталығы базасында демалыс орталықтарының қызметкерлері үшін психологиялық тренинг өтті

2024 жылдың 3 мамырында Алмалы ауданының комьюнити-орталығының психологиялық тәжірибеші, рилив терапевт Сауле Мұратқызы Шлымова қаланың Алмалы, Медеу және Түрксіб аудандарының демалыс орталықтарының басшылары мен педагогтарына психологиялық тренинг өткізді.

Тренингтің негізгі мақсаттары демалыс орталықтарының үлкен ұжымы арасында сенім, ізгі ниет және бірлік атмосферасын құру және өзін-өзі позитивті қабылдау дағдыларын қалыптастыру болды.

«Демалыс орталықтарының басшылары балалармен және жасөспірімдермен ауқымды жұмыс жүргізуде, шығармашылық бастама мен күш-қуат пен толық қайтарымы көрсетілуде. Осыған байланысты педагогтар мен басшылардың өздеріне ресурстарды жүйелі түрде қалпына келтіру, мазасыздықты жою, аутоагрессиямен жұмыс істеу, психикалық энергияны таратуды үйрену, өзін — өзі тиімді реттеу жолдарын табу қажет», — деп атап өтті психолог, рилив терапевт Шлымова Сәуле Мұратқызы.

Сабақ соңында өмірге қанағаттану бойынша диафрагмалық тыныс алу бойынша топтық медитация жүргізілді. Қатысушылар үлкен ресурсқа ие болды және осындай маңызды және қажетті іс-шараны ұйымдастырғаны үшін  комьюнити орталығының басшылығына алғыстарын білдірді. Тренинг соңында қатысушылар «жасөспірімдер мен балаларды демалыс орталықтарында психологиялық сүйемелдеу» тақырыбы бойынша сертификаттармен марапатталды.

«Мұндай тренингтер бізге жасөспірімдермен және жастармен қарым-қатынас дағдыларын дамытуға көмектеседі, сонымен қатар қызметкерлердің шаршауының алдын алады. Бүгін психологпен бірге өткізілген жаттығулардың арқасында мен өмірімнің салаларындағы теңгерімсіздікті анықтай алдым, енді олармен жұмыс істеуді жоспарлап отырмын. Осындай танымдық және пайдалы тренингті ұйымдастырғаны үшін ұйымдастырушыларға зор алғысымды білдіремін»,-деп атап өтті  демалыс орталықтарымен жұмыс жөніндегі фронт-офистің қызметкері Оңғарбай Сейіткерім.

Айта кету керек, демалыс орталықтары қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға және дамытуға бағытталған осындай іс-шараларды жиі өткізу жоспарланып отыр.

Жаңалықтар | Новости

Instagram@nurlyolke