Суббота, 27 июля, 2024

Instagram@nurlyolke

Басқада

spot_img

Қонаевта ірі инвестициялық жоба бастау алды

2-маусымда Қапшағай су қоймасының жағалауында «Жібек жолы» аттракциондар паркінің құрылысы ресми түрде басталды, деп хабарлайды Қонаев қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі. Бұрынғы №8 жағажай енді заманауи паркке айналмақ. Қытайлық инвесторлар бұл жобаға 100 миллион доллар салуды көздеп отыр. Құрылыс жұмыстарына 2500 адам тартылып, жоба аяқталғаннан кейін 500 тұрақты жұмыс орны ашылады.

Салтанатты рәсімге Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев қатысты.

«Конаев қаласының облыс орталығы мәртебесін алғанына биыл 2 жыл болды. Осы уақыт ішінде біз жағажайларды абаттандыру жұмыстарын қолға алдық. Бүгін жаңа жағажайдың алғашқы кірпіші қаланды. Бұл — біз үшін үлкен қуаныш. Конаев туристер үшін тартымды, халық үшін қолайлы, заманауи қалаға айналуы тиіс. Баршаңызды шын жүректен құттықтаймын!» — деді Марат Сұлтанғазиев.

Жоба аясында мұнда қонақ үйлер, пирс, субұрқақтар шоуы, аквапарк, аттракциондар және сауда орындары салынады. Жалпы аумағы — 15 гектар. Алғашқы кезеңде 7 гектардан астам жер игеріліп, жыл соңына дейін құрылыс жұмыстары аяқталады деп жоспарлануда. Екінші кезең 2025 жылы жүзеге асып, жаңа жағажай бір маусымда 3 миллион адам қабылдай алады.

Қала әкімі Асхат Бердіханов құрылыс барысында барлық талаптардың сақталуын қатаң бақылауда ұстауға уәде берді.

«Кез келген инвестициялық жоба мемлекеттік сараптамадан өтеді. Бұл Қазақстанның талаптарына сай құрылыс жүргізілетінін білдіреді. Әкімдік тарапынан қойылған шарттардың ішінде құрылыс сапасы, экологияға зиянсыздық және санитарлық-эпидемиологиялық талаптар бар. Өткен жылы бізде 1,3 миллион демалушы болды. Биыл бұл көрсеткішті арттыруды жоспарлап отырмыз. 3 миллион адамды да қабылдауға дайынбыз. Ол үшін инфрақұрылымды дамыту, демалыс орындарын салу бағытындағы басқа да инвестициялық жобаларға қолдау көрсету жұмыстарын жүргізіп жатырмыз», — деді қала әкімі.

Айта кетейік, Конаевта №5 жағажай мемлекет қаржысына абаттандырылып жатыр. Ал №7 қалалық жағажайдың маңында «Кроссфит алаңы» салынып жатыр. Сонымен қатар, 1 шақырымнан астам жағалау аумағы жеке инвестордың қаржысына абаттандырылып жатыр.

Айнұр Сембаева
Nurly olke газеті

Жаңалықтар | Новости

Instagram@nurlyolke