Четверг, 19 сентября, 2024

Instagram@nurlyolke

Басқада

spot_img

Қонаевта белгіленбеген орындарда сауда жасаған 12 адамға айыппұл салынды

Қонаев қаласында Абай көшесіндегі белгіленбеген сауда орындарында сауда жүргізу мәселесі шешімін таппай тұр. Қаланың тұрғындары бұл жағдайға жиі шағымданады. Олардың айтуынша, саудагерлердің тығыз орналасуынан көше бойымен жүру қиынға соғады, ал жәшіктер мен контейнерлер қоқысқа толып, шіріген жеміс-жидектің жағымсыз иісі ауаға таралады.

Коммуналдық қызмет көрсетуші компания өкілдері де тұрғындардың пікірін қолдайды. Олар көше тазалаушылардың саудагерлерден кейін түн ортасына дейін жұмыс істеуге мәжбүр екенін айтады.

Осыған байланысты, қалалық кәсіпкерлік бөлімі мен жергілікті полиция қызметі мәселені шешу үшін рейдтік жұмыстарды күшейтті. Өткен аптада жүргізілген тексерістер нәтижесінде ҚР ӘҚБтК-нің 204-бабына (белгіленбеген орындарда сауда жасау) сәйкес, 12 адамға айыппұл салынып, 3 тұлғаға ескерту берілді. Бұл туралы Қонаев қаласының әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сонымен қатар, кәсіпкерлік бөлімі туристердің көбеюіне байланысты сауда орындарының иелерімен түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандарымен бірлесіп, тазалық ережелерін сақтамаған жағдайда әкімшілік жаза қолданылатыны туралы ескерту берілді. Саудагерлерге ұсынылған шарттар әлі де талқылануда, бірақ қазіргі уақытта келісімге келу қиын болып отыр.

Жаңалықтар | Новости

Instagram@nurlyolke