Вторник, 17 сентября, 2024

Instagram@nurlyolke

Басқада

spot_img

Жергілікті тұрғындардың қауіпсіздігін қадағалау — оның басты міндеті

Бүгінгі біздің кейіпкеріміз ішкі істер саласына 24 жыл өмірін арнап, тұрғындар тыныштығының сақшысы болған білікті басшы. Ол Кентау қалалық полиция бөлімінің Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы — Бағлан Янкин.

Полиция подполковнигінің айтуынша, оның бүгінгі таңда атқарып отырған лауазымы тікелей қоғам қауіпсіздігіне бағытталған. Яғни жергілікті тұрғындардың күнделікті тыныштығын қамтитын, жол қауіпсіздігін сақтауда қызмет ететін, ана мен бала, отбасы құндылығын арттыруда профилактикалық шара жүргізетін, сервистік полиция моделін қалыптастыратын құрылым қызметкерлерін басқарып, олардың жұмысына қадағалау жасайды.

«Біздің негізгі мақсат – Кентау қаласында қандай да бір қылмысқа, құқық бұзушылыққа жол бермеу, алдын алу. Өз отбасымызбен қатар, аумақтағы барлық жанұяның тыныштығын күзету»,-деп атап өтті Б.Янкин.


Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Жаңалықтар | Новости

Instagram@nurlyolke