Вторник, 17 сентября, 2024

Instagram@nurlyolke

Басқада

spot_img

Алматы облысында 15 мыңнан аса жасөспірім қызға адам папиллома вирусына қарсы екпе салынады

Жатыр мойнының обыры әйел адамдарда кездесетін онкологиялық аурулардың үштігіне кіреді. Бұл туралы баспасөз мәслихатында Алматы облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары міндетін атқарушы Айдана Мұқатқызы баяндады.

Маманның айтуынша, дерттің негізгі себебі, жыныстық жолмен берілетін-папиллома вирусы. Вирустың 100-ден аса түрі бар, соның ішінде 14-і онкогенді саналады. Әсіресе, ең қауіпті 16-шы және 18-ші түрі.

Айдана Мұқатқызының айтуынша, ісіктің белгілері көп жағдайда байқалмайды.Сол себепті 25 жастан асқан қыздарға жыл сайынғы скринингтен өтіп тұру қажет. Ал,вакцина-аталмыш дертке шалдықпаудың кепілі. Өйткені, вакцинациядан кейін жатыр мойны обырына тұрақты иммунитет қалыптасады.

“Жалпы, облыста биыл 11 жастан бастап 15 645 қыз балаға вакцинация жүргізу жоспарланып отыр. Айта кетерлігі, вакцинация тек ата-аналардың келісімімен жүзеге асырылады. АПВ-ға қарсы вакцина жатыр мойны обырының 90%-дан астам жағдайларын алдын алуы мүмкін”,-дейді Айдана Мұқатқызы

Айта кетейік, облыста АҚШ-та жасалған 4-валентті «Гардасил» вакцинасы салынатын болады. Біріншісі қыз бала 11 жасқа толғанда, екіншісі бір жылдан кейін жасалады.

Жаңалықтар | Новости

Instagram@nurlyolke