Вторник, 17 сентября, 2024

Instagram@nurlyolke

Басқада

spot_img

Yandex Qazaqstan Қазақстанда LED — экраны және жаңартылған эмоционалды Алисасы бар Лайт 2 жаңа станциясын таныстырды

Yandex Qazaqstan Қазақстанда екінші буын Лайт Станциясының шығатынын жариялады. Жаңа модель қуатты динамикке, LED экранға және таныс Wi-Fi желілеріне автоматты түрде қосылу мүмкіндігіне ие болды.  Сонымен қатар, Лайт 2 станциясының көмегімен енді Алисамен сезімтал сұхбаттасушы ретінде байланысуға болады [1]. Ол көңіл көтеруге, аяныш білдіріп немесе, мысалы, экраннан көз қысуға қабілетті. Алисаның эмоционалды дағдылары қазір орыс тілінде қол жетімді.  Құрылғылар қазірдің өзінде онлайн және офлайн режимінде қол жетімді — Жаңа Лайт 2 станциялары барлық негізгі аймақтарда бір уақытта дерлік сатылымға шықты.
 
Жаңа колонка 6 Вт динамигімен жабдықталған, ол осы құрылғы үшін арнайы жасалған және акустикалық көлемі ұлғайтылған корпусқа орналастырылған. Осының арқасында дыбыс күшті, таза және қанық, ал басс айқынырақ болды. Құрылғы үш түсте қол жетімді: күлгін, қызғылт, көгілдір. Жыл соңына дейін қызғылт сары, жасыл және қою сұр түсті модельдер де пайда болады. Колонкамен бірге оның корпус безендіруге болатын жарқын жапсырмалары мен маскалары бар.
 
 
Лайт 2 станциясы - Алисамен бірге орыс тілінде сөйлесу кезінде эмоционалды синтез технологиясын қолданатын алғашқы ақылды колонка. Осының арқасында виртуалды көмекші жауап беру үшін қажетті дауыс ырғағын таңдай алады: мысалы, достық қалып, таңдану, жанашырлық, реніш немесе қайғы. Егер сіз «Балаларды түсіну» опциясын қоссаңыз, Алиса баланың дауысын танып, эмоцияларды тек әңгімеде ғана емес, сонымен қатар басқа әрекеттер кезінде де — мысалы, балаға музыка қойғанда немесе оған ертегі қосқанда көрсетеді.
 
 
Виртуалды көмекші орыс тілінде сөйлескен кезде LED экраны арқылы жауап бере алады. Мысалы, Алиса көзін қысып, таң қалып, күлуі, ұялуы немесе қайғыруы мүмкін. Бұл балалармен де, ересектермен де жұмыс істейді.  Лайт 2 станциясының экранынан ағымдағы уақытты да көруге болады. Ал егер сіз Алисадан ауа-райы туралы сұрасаңыз, ол ауа температурасын көрсетеді.
 
 
Жаңа колонканы өзіңізбен бірге саяжайға немесе, мысалы, қонаққа алып баруға ыңғайлы. Ол жинақы және бұрын қосылған Wi-Fi желілеріне автоматты түрде қосыла алады. Пайдаланушыға құрылғыны әр уақытта қайта баптаудың қажеті жоқ. Сонымен қатар, жыл соңына дейін Лайт 2 станциясы үшін арнайы жасалған портативті аккумулятор сатылымға шығады, онымен үш сағатқа дейін музыка қоса аласыз.
 
 
Құрылғының құны-32 990 теңге. Сіз оны  мысалы Sulpak, ALSER, «Технодом», «Мечта»  дүкендерінен офлайн немесе онлайн сатып ала аласыз.
 
 
Yandex Qazaqstan
 
Yandex Qazaqstan — машиналық оқыту және нейрожелі негізіндегі өнімдер мен сервистер жасайтын, технологиялық компания. Компания қолданушылардың өмірін жақсартып және Қазақстанда цифрлық ортаның дамуына бағытталған инновациялық технологияларды әзірлеумен және енгізумен айналысады. Елімізде қазірге таңда іздеу, қалалық, бұлттық және ойын-сауық сервистері жұмыс жасайды, сонымен қатар компания білім беру және әлеуметтік жобларды да дамытуда.
 
 

Жаңалықтар | Новости

Instagram@nurlyolke