🎉 Республика күніне орай Қонаев қаласындағы орта мектеп гимназиясының оқушыларымен бірлесе мерекелік флешмоб ұйымдастырдық!
✨ Шараның басты мақсаты — жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, мемлекеттік мерекенің маңызын ұғындыру және Қазақстанға деген мақтаныш сезімін арттыру.
🇰🇿 Флешмоб барысында оқушылар бірлік пен ынтымақтың, елге деген сүйіспеншіліктің жарқын үлгісін көрсетті. Осындай бастамалар өскелең ұрпақтың азаматтық ұстанымын нығайтып, Отанға деген құрметін арттыруға ықпал етеді.
💙 Еліміздің ертеңі – білімді, белсенді әрі патриот жастардың қолында! Тәуелсіздігіміз тұғырлы, бірлігіміз бекем, болашағымыз жарқын болсын!
Республика күні құтты болсын! 🇰🇿

