🇰🇿 «ЖАС САҚШЫ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ»

🇰🇿 Қазақстан Республикасының Республика күніне орай жас сақшылардың қатысуымен «Жас сақшы – жарқын болашақ» тақырыбында викториналық ашық сабақ өткізілді.

Іс-шараның басты мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарауға тәрбиелеу және жас сақшылардың тәртіптілік, жауапкершілік пен ұйымшылдық қасиеттерін дамыту.

📚 Ашық сабақ барысында Республика күнінің тарихи маңызы түсіндіріліп, Қазақстан Республикасының тарихы, мемлекеттік рәміздері мен ұлттық құндылықтары бойынша викториналық сұрақтар қойылды. Қатысушылар өз білімдерін ортаға салып, белсенділік танытты.

🤝 Сонымен қатар, жас сақшыларды қоғамдық тәртіпті сақтауға, Отанға адал қызмет етуге, бірлікке, достыққа, әділдік пен адалдыққа тәрбиелеуге ерекше назар аударылды.

✨ Мұндай іс-шаралар жас ұрпақтың патриоттық рухын нығайтып, тарихи танымын кеңейтуге және азаматтық жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.

Отанға қызмет ету – абыройлы міндет!

#ЖасСақшы #РеспубликаКүні #ЗаңМенТәртіп #ҚонаевҚаласы #патриотизм

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke