Алматы облысы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының патрульдік полиция батальоны қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жол-көлік оқиғаларын болдырмау бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізуде.
Іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерінің сақталуын қадағалап, азаматтармен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алуға, қоғамдық тәртіпті нығайтуға және жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін арттыруға ерекше назар аударылуда.
Полиция қызметкерлері тұрғындар мен өңір қонақтарын заң талаптарын сақтауға, қоғамдық тәртіпті бұзбауға және жол қозғалысы ережелерін қатаң орындауға шақырады.
Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстары «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында жүйелі түрде жалғасуда.
Анықтама: Алматы облысының аумағында 20-23 қазан аралығында «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

