Қонаев қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат · №6 бірмандаттық сайлау округі · «Әділет» партиясы
ҚАДІРЛІ ҚОНАЕВ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!
Әрбір адам өзі тұратын қаланың таза, қауіпсіз әрі жайлы болғанын қалайды. Балаларымыз алаңсыз ойнап, үлкендеріміз тыныш өмір сүріп, жастарымыз өз болашағын туған қаласымен байланыстыра алуы керек.
Қонаевтың дамуы тұрғындардың күнделікті қажеттіліктерінен басталады. Аулаларды абаттандыру, көшелерді жарықтандыру, жолдардың сапасын жақсарту, қоғамдық орындарды күтіп ұстау және әлеуметтік нысандардың қолжетімділігін арттыру – назардан тыс қалмауы тиіс мәселелер.
Мен осы бағыттардағы тұрғындардың ұсыныстарын жинақтап, өзекті мәселелердің шешілуіне депутаттық өкілеттігім аясында ықпал етуге дайынмын. Әр өтініштің артында нақты адамның тағдыры, әр мәселенің артында бір отбасының үміті тұрғанын ұмытпауымыз керек.
Қаламыздың дамуы тек бір адамның емес, бүкіл қоғамның ортақ еңбегіне байланысты. Сондықтан, халықпен бірлесе жұмыс істеп, өзекті мәселелерді кезең-кезеңімен шешуге күш салу маңызды.
МЕНІҢ ҰСТАНЫМДАРЫМ
Тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлылығын бірінші орынға қою. Қала тазалығына, инфрақұрылым сапасына және қоғамдық кеңістіктердің жағдайына назар аудару. Халықтың пікірін тыңдап, әрбір мәселені заң аясында шешуге ұмтылу.
Мен ашық диалогқа, сындарлы ұсыныстарға және ортақ іске әрдайым дайынмын. Қонаевтың бүгінін жақсартып, ертеңіне берік негіз қалыптастыруға бірге атсалысайық!
Сайлауға келіңіздер! Маған дауыс беріңіздер!
«Қалада сапалы және қолайлы инфрақұрылым болуы тиіс».
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. К. Тоқаев
ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!
Мен, Ахметова Қарлығаш Камалқызы, Жамбыл облысы, Шу қаласында дүниеге келдім. Қонаев қаласында тұрып, еңбек етіп келемін, қоғамдық және әлеуметтік өмірімен тығыз байланыстамын. Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде «Құқықтану» мамандығы бойынша білім алдым.
Еңбек жолымды 2017 жылы Қонаев қаласында жеке кәсіпкерлік қызметтен бастадым. 2021–2022 жылдары «Строитель» ПКСО-да заңгер-документолог қызметін атқардым. 2023–2025 жылдары аталған ұйым төрағасының міндетін уақытша атқарушы және төраға орынбасары болып жұмыс істедім. 2026 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Қонаев қызмет» басқарушы компаниясының директоры қызметін атқарып келемін. Сонымен қатар, Қонаев қаласының Қоғамдық кеңесінің мүшесімін.
Еңбек жолымда құқықтық мәселелер, құжат айналымы, ұйымды басқару және тұрғындармен жұмыс істеу бағыттарында тәжірибе жинақтадым. Қызметім барысында тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарына назар аударып, ортақ мәселелердің шешілуіне үлес қосуды маңызды міндетім деп санаймын.
Қызметім барысында Қонаев қаласының тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы саласында, соның ішінде көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару, тұрғындардың өтініштері мен мәселелерін қарастыру бағыттарында тәжірибе жинақтадым. Тұрғындардың ортақ мүлкін күтіп ұстау, үйлердің жағдайын жақсарту және коммуналдық мәселелерді шешуге ықпал ету жұмыстарын маңызды міндет деп санаймын.
Мен үшін халықпен ашық байланыс орнату, тұрғындардың мүддесін қорғау және қаланың дамуына үлес қосу маңызды. Алдағы уақытта да жауапкершілік пен адалдықты басты ұстаным етіп, қоғам игілігі жолында еңбек етуге дайынмын.
Құрметпен, Қарлығаш Ахметова
2026–2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР
ЗАМАНАУИ МЕКТЕПТЕР ЖӘНЕ БАЛАЛАРҒА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ
- Мектептердің материалдық-техникалық базасын жақсартуға және ғимараттарының жағдайын жаңартуға ықпал етемін.
- Балалардың сапалы білім алуына, жан-жақты дамуына және қосымша білім беру үйірмелеріне қолжетімділігін арттыруға күш саламын.
- Мектептердің қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуіне және білім сапасын арттыруға бағытталған бастамаларды қолдаймын.
Қуатты өңірлер – қуатты ел!
БАЛАЛАРДЫҢ ЗИЯТКЕРЛІК ДАМУЫ ЖӘНЕ ҚОСЫМША БІЛІМ
Қонаев қаласында 600 орындық, кітапханасы бар Оқушылар сарайын салу жобасының іске асырылуын қамтамасыз ету. Жобаның 2030 жылға дейін жүзеге асырылуын қадағалау.
ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖӘНЕ ҚАЛАНЫ АБАТТАНДЫРУ
Қонаев қаласының «Строитель» шағын ауданы, «Алтын алма» бау-бақша бірлестігі, ВОХР, Железнодорожная көшесі және «Спутник» шағын аудандарының инфрақұрылымын дамыту және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға жұмыс жасаймын.
Аталған аумақтардың өзекті мәселелерін шешу және тұрғындарға қолайлы өмір сүру жағдайын қалыптастыру мақсатында төмендегі бағыттар бойынша жұмыс жүргіземін:
- Жол инфрақұрылымы: көшелерді жөндеу, асфальт төсеу және жолдардың сапасын жақсарту мәселелерін көтеремін.
- Көше жарықтандыруы: жарықтандыру жүйесін орнату және қолданыстағы желілерді жаңғыртуға ықпал етемін.
- Сумен жабдықтау: ауызсумен үздіксіз қамтамасыз ету, насос станциясына резервтік генератор орнату мәселесін шешуге күш саламын.
- Электрмен жабдықтау: электр желілерінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету және инфрақұрылымды жаңғыртуға ықпал етемін.
- Қоғамдық қауіпсіздік: учаскелік полиция пунктін ашу, қоғамдық тәртіп пен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесін көтеремін.
- Құқықтық және қала құрылысы мәселелері: «Строитель» шағын ауданының құжаттарын заң талаптарына сәйкес рәсімдеуге, бас жоспарын әзірлеу мен бекітуге ықпал етемін.
- Абаттандыру және коммуналдық қызметтер: аумақтардың тазалығын сақтау, қоғамдық көлік қатынасын жақсарту және коммуналдық мәселелерді шешу бойынша жұмыс жүргіземін.
- Тұрғындармен тұрақты байланыс: халықтың өтініштері мен ұсыныстарын назарға алып, оларды тиісті мемлекеттік органдарға жеткіземін және шешілу барысын депутаттық бақылауда ұстаймын.
Басты мақсатым – аталған аумақтардың инфрақұрылымын кешенді дамыту, қордаланған мәселелерді кезең-кезеңімен шешу және әрбір тұрғынға қауіпсіз, жайлы әрі қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру.
ҚОЛЖЕТІМДІ ӘРІ САПАЛЫ МЕДИЦИНА
- Қолжетімді әрі сапалы медициналық қызмет көрсетуді жақсартуға ықпал етемін.
- Медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базасын жаңарту және қажетті медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету мәселелерін көтеремін.
САПАЛЫ БАЙЛАНЫС ПЕН ИНТЕРНЕТ
Қонаев қаласында Apple Store форматындағы цифрлық офис құру бастамасын іске асыруға ықпал ету.
Сіздердің пікірлеріңіз – менің бағдарыма негіз!
Сенімдеріңізді адал еңбекпен ақтаймын!
Әр шешімім – туған жердің игілігі үшін!
(Кандидаттардың үгіт-насихат материалдары республикалық бюджеттен қаржыландырылды).

