Алматы облысының оқушылары BilimClass арқылы бонус жинап, MacBook ұтысына қатыса алады

Жақсы оқып, бонус жинау, сол арқылы арманына қол жеткізу – енді BilimClass тегін білім беру платформасын пайдаланатын оқушылар үшін ақиқатқа айналды. Бұған қоса, Алматы облысының оқушылары жол қозғалысы ережелері бойынша викторинада білімін сынап, MacBook ұтып ала алады.

Бүгінде BilimClass платформасын Қазақстанның 18 өңірінде 3,6 миллион оқушы мен 380 мыңнан астам мұғалім пайдаланады. Отандық білім беру жүйесіне арнайы әзірленген платформа мектептерге, оқушыларға, ата-аналарға және мемлекетке толықтай тегін ұсынылады.

BilimClass – білім беру платформасы ғана емес, оқу процесін ұйымдастыруға арналған тұтас цифрлық жүйе. Мұғалімдер мұнда оқушылардың білімін бағалап, үй тапсырмаларын тексереді, сабаққа қатысуын қадағалайды. Сондай-ақ күнтізбелік-тақырыптық жоспарлар мен есептер дайындап, өз сабақтарын құрастырса, мектеп басшылығы оқу үдерісіне қатысты мәліметтерді жан-жақты талдайды. Ал ата-аналар ыңғайлы қосымша арқылы баласының сабақ кестесі мен оқу үлгерімін бақылап отырады.

Балалардың оқуға деген ынтасын арттыру үшін бонустық бағдарлама да қарастырылған. Оның аясында 2–11-сынып оқушылары жақсы бағалары үшін айына 5000 бонусқа дейін жинай алады. Бағдарламаның пайдасы мұнымен шектелмейді. Балалар ақша жинауды, шығынын жоспарлауды және қаражатын ұқыпты жұмсауды үйреніп, қаржылық сауатын арттырады.

Бағдарламаға қатысу үшін ата-ана баласының атына Power Card ашса жеткілікті. Ол үшін банкке барудың қажеті жоқ. Картаны Freedom SuperApp қосымшасы арқылы рәсімдеуге болады.

Бұдан бөлек, 16 қарашадан бастап BilimClass платформасында Sergek Group компаниясымен бірлесіп ұйымдастырылған жол қозғалысы ережелеріне арналған республикалық интерактивті викторина өтіп жатыр. Оқушылар жол белгілері, жаяу жүргіншілерге арналған ережелер, автобуста өзін қауіпсіз ұстау және басқа да маңызды тақырыптар бойынша білімдерін сынайды.

Викторинаға қатысушылар арасында үш MacBook ноутбугі ойнатылады. Әр жас санатына бір ноутбуктен беріледі. Жеңімпаздар сұрақтардың 80 пайызынан астамына дұрыс жауап берген оқушылар арасынан жеребе арқылы анықталады.

BilimClass – Қазақстандағы жетекші EdTech экожүйе Bilim Group әзірлеген платформа. Компания 15 жылдан астам уақыт бойы білім беру технологияларын дамытып келеді. Оның цифрлық шешімдері мектепке дейінгі тәрбиеден бастап кәсіби дамуға дейінгі білім берудің барлық кезеңін қамтиды.

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke