-10.1 C
Алматы
-8.4 C
Капшагай
Вторник, 14 января, 2025
spot_img

Бір жылдығын ойлаған халық бидай егеді

Кезінде қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Қазақстанның халық жазушысы Шерхан Мұртаза бұрыңғы президент Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесу кезінде «Араны ашылған қыран не аңды алады, не аңшының өзін алады. Осыған қатты мән берсеңіз» деген еді. Сол кезде қазақтың болашағына алаңдаған Шерхан Мұртазаның нені меңзегенін енді түсінгендеймін.

Қой терісін жамылған шибөрілер қаптаған заманда кейбір отандастарымыз сыбайлас жемқорлықпен күрескен сыңай танытып, биік мінбеге шығып, оң қолын сермеп: «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» — деген желеумен түрлі дөңгелек үстелдермен жиындар өткізсе, сол қолымен «Құрғақ қасық тамақты жыртады»-деген қағидамен, ескі әдетіне салып қолына ілінгенін жымқыруда…

Оған елімізде орын алып жатқан сан түрлі әшкере болған қылмыстарды мысалға келтіруге болады…Тіпті елорданың тұмсығында тұрған LRT дауы еліміздің имиджіне үлкен сыза түсірді. Жалпы біздің елде жемқорлық дертіне шалдықпаған бағыт, сала бар ма? Спорт, білім, денсаулық, теміржол т.б. Мемлекеттік органдармен қатар квазимемлекеттік секторларда қалыс қалып жатқан жоқ. Сонда бұл мемлекет — Қазақ елі кімге керек? Солтүстіктегі аюдай ақырған орысқа керек пе? Шығыстағы айдаhар — Қытайға керек пе? Оңтүстіктегі кешегі Хиуа хандығының ұрпақтары болып табылатын ала шапандағы көршілерімізге керек пе? Әлде алты Алаштың ұрпағы-Қазаққа керек пе? Ойланатын жағдай… Сол үшін әрқайсымыз жеке дара өзімізді түзетуден бастайық… Дана халқымыз: «Бір жылдығын ойлаған халық бидай егеді,

Жүз жылдығын ойлаған халық ағаш егеді,
Мың жылдығын ойлаған халық саналы ұрпақ тәрбиелейді-дейді. Сол себепті «Ел болам десем бесігінді түзе» — демекші балаларымызды осы бастан: «Біреудің ала жібін аттама» , » Ұрлық түбі қорлық», «Судың да сұрауы бар» деген өмірлік қағидаларды саналарына сіңіріп, басшылыққа алып қатал тәрбиелеуді қайта қолға алу керек сияқты….

Айдос МҮЛІКБАЙ
Фейсбук парақшасынан

- Подписка 2025 -spot_img
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

- Подписка 2025 -spot_img

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke