-3.1 C
Алматы
Пятница, 31 января, 2025

Жыл қорытындысы: Қонаев қаласына тартылған инвестиция көлемі 103,1 млрд. теңгені құрады

Қонаев қаласының 2024 жылдағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері белгілі болды.

  1. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер 142,0 млрд.теңгені құрады, оның ішінде республикалық бюджетке 88,3 млрд.теңге түсім түсті.
  2. Қаланың өнеркәсіп орындары 80,5 млрд. теңгеге өнім өндірді.
  3. Негізгі капиталға 103,1 млрд. теңге инвестиция тартылды.
  4. Қала және ауылдық округтер аумағында 6 599 шағын және орта бизнес субъектілері жұмыс істейді. Онда жұмыспен қамтылғандардың саны – 16930 адам. ШОБ субъектілері 324,4 млрд. теңгеге өнім өндіріп, қызмет көрсетті.
  5. Бөлшек сауда айналымы 40,2 млрд. теңгені құрады.
  6. Жұмысқа орналасуға көмек сұрап, өтініш білдірген азаматтардың саны –2 911 адам, оның 1 295-і жұмысқа орналастырылды. Жұмыспен қамту көрсеткіші 44,5%-ды құрады. Жыл соңына қарай 484 адам жұмыссыз ретінде тіркелді.
  7. Ауылшаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 26,5 млрд. теңгені, нақты көлем индексі 100,0%-ды құрады. Ірі қара мал бас саны – 8,0% , жылқы бас саны – 47,2 %, ет өндіру – 0,9 %, сүт өнімділігі – 3,8%, жұмыртқа шығымы 3,4% өсті. 2024 жылы 8050,4 гектар егістік алқабы игерілді: дәнді дақылдар – 3073,8 га, майлы дақылдар – 533,0 га, көкөністер – 927,7 га, жем-шөп – 2030,5 га, көпжылдық өсімдіктер – 744,1 га, картоп және бақша дақылдары – 623,8 га.
  8. 2024 жылы туу көрсеткіші – 17,6%, табиғи өсім – 905 адам. Ана өлімі тіркелмеді.
  9. Құрылыс жұмыстарының көлемі 22,9 млрд. теңге болды.
  10. Құқық қорғау саласында 469 қылмыс тіркеліп, 2023 жылмен салыстырғанда 18%-ға азайды (2023 ж. – 551). Қылмысты ашу көрсеткіші – 77,6%.

Жалпы қаладағы қоғамдық-саяси жағдай тұрақты, алға қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін барлық шаралар атқарылуда.

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke