1 C
Алматы
Среда, 26 февраля, 2025

Алматы қаласында түнгі рейдтер жүруде

Алматы қаласының Түрксіб ауданында кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында «Заң мен тәртіп» жобасы аясында рейдтік іс-шара өткізілді. Рейд барысында тәртіп сақшылары және Турксиб ауданы комьюнити орталығының резиденттері түнгі уақытта заңды өкілдерінің қарауынсыз жүрген жасөспірімдерді анықтады. Сонымен қатар, көңіл көтеру орындары, интернет-клубтар мен қоғамдық орындар тексерілді. Құқық қорғау органдары балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың құқықтарын сақтау мақсатында ата-аналармен профилактикалық әңгіме жүргізіп, түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырды.

Мұндай іс-шаралар жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға, олардың қауіпсіздігін нығайтуға және ата-аналардың жауапкершілігін арттыруға бағытталған. Түрксіб ауданының құқық қорғау органдары кәмелетке толмағандардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша жұмыстарды жалғастыра береді.

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke