15 C
Алматы
Вторник, 18 марта, 2025

Алматы жастары «Әлеуметтік шеберхана» акциясын өткізді

         «Алматы – біздің ортақ үйіміз» кампаниясы аясында мегаполистің  жастары үйсіздерге арналған көмек көрсету орталықтарының және басқа да әлеуметтік мекемелердің аумағын абаттандыруға және жақсартуға белсене атсалысуда. «Әлеуметтік шеберхана» жобасы аясында өткен кезекті акцияға 50-ден астам белсенді волонтер қатысты.

         Бір апта ішінде жас еріктілер орындықтар мен балалар алаңдарын әктеп, сырлап, сондай-ақ қаланың үш балалар үйінің аумағын тазартуға көмектесті. Олардың еңбегі бұл мекемелердің тәрбиеленушілері үшін ыңғайлы әрі таза жағдай жасауға ғана емес, сондай-ақ әлеуметтік жауапкершілік пен жанашырлықтың жарқын үлгісіне айналды.

         Айта кету керек, еріктілердің игі істері бұл кампаниямен шектелмейді. Алматының белсенді жастары жыл бойы әлеуметтік бастамаларға қатысып келеді. Қыста олар балалар үйлерінің және жалғызбасты зейнеткерлердің аулаларындағы қарды тазартуға, сондай-ақ қала тазалығына жауапты коммуналдық қызметкерлерге ыстық шай мен тіске басар таратуға көмектесті.

         Жоба үйлестірушісі Әсем Газез осындай бастамалардың маңыздылығын атап өтті:
«Әлеуметтік жобалар – бұл жай ғана бір реттік көмек емес, жастар арасында жанашырлық пен өзара көмек мәдениетін дамытуға қосқан үлес. Біз тіпті ең кішкентай көмектің де айналаны жақсарта алатынын көрсеткіміз келеді. Ең бастысы – бей-жай қалмай, әрекет ету».

         «Әлеуметтік шеберхана» жобасы Алматы жастарының тек өзгерістер туралы айтып қана қоймай, сол өзгерістерді өз қолымен жасайтынын дәлелдеп, айналасындағыларды игі істерге шабыттандыратынын көрсетті.

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke