Бұл кешті ұйымдастырушылар: “Рухорда” діни-мәдени медресесі, мұражайы мен кітапханасы, “Нұрлы ғасыр” қайырымдылық қоры, сондай-ақ ҚазҰУ Дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушылары.,PhD Жүзей Мырзахмет, Мұқан Нұрзат. Кешке докторант Әділжан Гүлдана, магистранттар мен 2-3 курс дінтану мамандығының студенттері қатысты.
Бұл кеште зағип жандар, мүмкіндігі шектеулі жандар, және жетімдер үйінің тәрбиеленушілері арнайы қонақ болып, барлығы 140-қа жуық адамға дастархан жайылып, дәмді тағамдар ұсынылды.
Рухани бай кеште қонақтарға береке мен бірлікті насихаттайтын тағылымды сұхбаттар айтылып, Ислам діні жайлы сұрақ-жауап ойыны ұйымдастырылды. Қонақтарға арнайы сыйлықтар үлестірілді.
Кештің көркін ұлттық әндер мен өнерпаздардың тамаша өнер көрсетулері аша түсті. Жанды дауыста шырқалған әуезді әндер қонақтардың жүрегіне жылулық сыйлап, көңілін көтерді. Сонымен қатар, ұстаздар жүрекжарды ізгі тілектерін айтып, жиналғандарға рухани азық боларлық насихаттарын жеткізді.
Қатысушылардың көбі ұлттық киімде келіп, бұл қайырымдылық кеші тек рухани емес, мәдени-дәстүрлік мағынада да ерекше кешке айналды.Берекелі кешті өткізген ұйымдастырушылар мен қатысушыларға алғыстар айтылды!
ҚазҰУ Дінтану және мәдениеттану кафедрасының PhD.,аға оқытушы
Мұқан Нұрзат
farabi.university
ҚазҰУ Дінтану және мәдениеттану кафедрасының 1-курс докторантты Әділжан Гүлдана
ҚазҰУ Дінтану және мәдениеттану кафедрасының 1-курс докторантты Бейсенбаев Айман