9 мамырда Ұлы Отан соғысындағы жеңіске 80 жыл толады. Соғыс туралы көп нәрсені ардагерлердің әңгімелерінен, сол кезде бала болған ата-әжелерімізден білеміз. Олардың балалық шағы эвакуация, қоныс аудару, аштықпен өтті, кейбірі жақындарынан айырылып, балалар үйінде тұрса, кейбірі жасөспірім кезінде соғысқа аттанды. Бүгін Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының дәрігерлері, психологтары мен әлеуметтік қызметкерлері Үздік тәжірибелер орталығының меңгерушісі Карпикбаева Гүлзира Әбдіжәлелқызымен бірге 104 жастағы Ұлы Отан соғысының ардагері Бетебаева Оксана Демидовнаға және басқа да балалық шақтары соғыспен тұспа-тұс келген 80 жастан асқан ата-әжелердің үйлерін аралап, арнайы дәрігерлерлік кеңестерін берді.
Қонаев қаласының тұрғыны Сочкова Зоя Павловна 87 жаста. Белсенді де көңілді әже есепші болып жұмыс істеп, қызықты да танымды өмір сүріпті. Ол зейнеткерлікке шыққаннан кейін де қызметін жалғастырған екен. Соғыс басталғанда кішкентай Зоя небәрі 3 жаста еді. Ол кезде әлі бала болса да, сұрапыл соғыс жылдарының қиыншылығын күні бүгінге дейін еске алып, бүкіл әлемде бейбітшілік пен тыныштық орнағанын тілеп отырады екен. Қонаев қаласының тағы бір тұрғыны Серғалиева Нәйла Сұлтан-Герейқызы да 87-де. Осыдан 15 жыл бұрын әже Қонаев қаласына көшіп келіпті. Ол Ленинград технологиялық институтының түлегі, Ұлы Отан соғысын бұлыңғыр есіне алғанымен, соғыстан кейінгі жылдар оның жадында мәңгілік сақталған.

Емдеу мекемесінің дәрігерлері жыл бойы ардагерлер мен оларға теңестірілген азаматтардың денсаулығына қолдау көрсетіп, Жеңіс күні қарсаңында міндетті түрде үйлерін аралайды.
Ракишева Айман Галимжанқызы, Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының директоры: «Қарттарға қамқор болыңыздар, өйткені өткенді еске алмай, болашақты елестету мүмкін емес. Бұл күндері жүздеген адамға қол ұшын созған, өзімнің асыл әжемді де еске аламын. Соғыс кезінде қайсар мінезін мейіріммен ұштастырып, жаралы адамдарға қайрат беріп, мейірімге бөлегенін ерекше жылы тебіреніспен жанұямызбен айтып отырамыз».
Бұл күні дәрігерлер он шақты қариялардың үйлерінде болып қайтты. Ауруханадан келген қонақтарды барлығы қуанышпен қарсы алды, олар үшін мамандардың назары маңызды. Қариялар дерттері учаскелік дәрігер немесе медбике келгеннен кейін де басылатынын, оларға соншалықты аса жауакершілікпен қарайтындарын жеткізді. Бейбітшілік пен тыныштық үшін айтылған алғыс іс-шараға қатысқандардың барлығын тебірентті.