Қонаевтағы №4 жағажай инвестор қаржысына абаттандырылады

Қала әкімі Асхат Бердіханов жағажайдың биылғы шомылу маусымына дайындығын тексерді. Инвестордың айтуынша, мұнда шомылу маусымы аяқталғаннан кейін 4 қабатты қонақ үй салу жоспарлануда. Туристік маусымға дайындық аясында тапшандар ретке келтіріліп, нысандар жөнделіп, айнала көгалдандырылуда.

Шаһар басшысы демалушылардың қауіпсіздігі басты назарда екенін айтып, бейнебақылау камераларын орнатуды тапсырды. Құтқару бекеттерін орналастырып, жағажайды жабдықтау қажет екенін де атап өтті. Одан бөлек, санитарлық тораптар мен асхана жұмыс істеп тұруы тиіс.

Бұл жағажай басқа коммуналдық жағажайлардағыдай жаяу демалушыларға тегін болмақ.

Сондай-ақ әкім 8-10-шағынаудандар бойынша жоба ұсынған инвесторлармен кездесті.

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke