Пятница, 29 марта, 2024

Басқада

«ӘКЕМНІҢ ҮЙІНДЕЙ» KMF-тің Қапшағайдағы бөлімшесі жаңа мекенжайда ашылды

Қазақстандағы ең ірі микроқаржы ұйымы KMF компаниясының Қапшағай қаласындағы бөлімшесі жаңа мекенжайда салтанатты түрде ашылды. Ашылу рәсіміне жергілікті әкімдік қызметкерлері, компания серіктестері мен клиенттері қатысты.

Бұл бөлімше Қапшағай қаласымен қатар, 11 ауылға қызмет көрсетеді. Қазіргі таңда 1 200-ден астам клиенті бар бөлімшеде микрокредит рәсімдегендердің басым бөлігі – кәсіпкерлер. Бөлімшенің салтанатты ашылуына қатысқан Шеңгелді ауылының тұрғыны, кәсіпкер Әмербай Бастаубаев бизнесін дамытуға көмектескен KMF-ке алғысын білдірді.

-Егіншілік менің өмірімде бала кезден бар. Дегенмен, терең кіріскеніме 10 жылдай болды Ал KMF-ке келгеніме 7 жылдан асты. Осы кәсібім KMF-тің арқасында жүріп жатыр. KMF-ке әкемнің үйіне барғандай барамын, себебі мына заманда кім-кімге ақша береді? Ал, бұл компания әкемдей, береді. Алғысым шексіз, — деді кәсіпкер.

Ал қапшағайлық Зәуре Омарбаева 17 жылдан бері KMF-тен бір сәтке қол үзбегенін айтып, мұндай байланысың сырымен бөлісті.

-2000 жылдардың басынан бері саудамен айналысып, тұрмысымызды жақсарттық. Балаларымызды оқытып, әрқайсысына пәтерін, көлігін алып бердік. Қазірге дейін сол кәсіппен айналысып келемін, балаларым түрлі қызметте. KMF-пен 2005 жылдан біргемін.  Ол кезде кеңсесі Алматыда болатын компанияның өкілі базарға келіп, несие рәсімдеу тәртіптерін түсіндірді.  Содан топтық микрокредит  рәсімдедік. Әлі есімде, ең алғаш рет топтағы 4 адам 50 мың теңгеден алдық. Содан бері байланысымыз 1 айға да үзілген емес. Қазір дүниенің барлығы қымбат, ақша керек бола қалса, жүгіріп KMF-ке келеміз. Мен неге KMF-ке келемін? Себебі, әр алған соманы 12 айға, оны 30 күнге бөліп, үстінен қосып төлейтін қаржының көлеміне қараймын, пайдасы бар ма, жоқ па?  Бар, ыңғайлы, маған барлық шарты ұнайды. Сол үшін 17 жыл клиенті болып келемін, соңғы алған микрокредитім – 3 млн теңге», — дейді ол.

Ашылу салтанатына арнайы Кербұлақ ауылынан келген Гүлсайран Есенбаева кәсібін KMF-пен бірге бастап, қазіргі таңда ірі кәсіпкерге айналған.

-Осыдан 11 жыл бұрын Кербұлаққа көшіп келдік, үй салатын ақшамыз болмады. Сөйтіп, KMF-ке үш ағайынды бірге барып, топтық микрокредит рәсімдедік. Ол қаражатқа үй салып, жанынан дүкен ашып, кәсібімді KMF-пен бастадым. Ең алғаш алғаным 150 мың теңге еді, топтағы үш адам жалпы сомасы 450 мың теңге алғанбыз, қазір 5 млн теңгеге дейін аламын. Кербұлаққа көшіп келгенде басымызда үйіміз де болмады, осы KMF-тің арқасында үйімізді де салдық, кәсібімізді де ашып, дамытып, кеңейттік. Қазір бірнеше бизнестің түрін қолға алып отырмыз. Дүкен, дәмхана, тойхана, пиццерия мен фазендамыз бар. Енді өндірістік цех ашу жоспарда тұр, әрине ол да KMF- пен бірге, — деп, ағынан жарылды кәсіпкер.

Айта кетейік, KMF ауыл шаруашылығы, бизнес пен тұтынушылық үшін тиімді шарттармен микрокредиттер ұсынады. Компанияның Қапшағайдағы бөлімшесінде касса, терминалдар, клиенттердің күту залы мен қызметкерлерге арналған бөлмелері бар. Кеңесші маман бөлімшеге келушілерді қарсы алып, оларды қызықтырған сұрақтарға жауап беріп, толық мәліметтерді ұсынады.

Бөлімшенің жаңа мекенжайы: Қапшағай қаласы, Достық көшесі, 2а, телефоны: 8 72772 4 00 03.

Өз тілшіміз

Жаңалықтар | Новости