Суббота, 20 апреля, 2024

Басқада

Қапшағай қаласында Қапшағай қаласына қарасты15 мектеп беру ордаларында кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүргізілді

Қапшағай қаласында Қапшағай қаласына қарасты15 мектеп беру ордаларында кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүргізілді. Бағдар беру жұмыстарына «Алматы облысның жастар ресурстық орталығының» директорының орынбасары Ақылбаев Еркебұлан Ешмұхамбетұлы арнайы оқу жүргізіп, орталық мамандарына түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Кездесу «Өмірлік бағдар» жобасы аясында 9-11 сынып оқушылары мен NEET санатындағы жастарға кәсіптік бағдар беру мақсатында TEDx форматында өтті. Оқушылармен қатар кездесу ата-аналармен де өткізілді. Ата-аналарға баланың оқу таңдауына байланысты ақпараттар айтылды. Кездесуді
«Алматы облысның жастар ресурстық орталығының» директорының орынбасары , Жастар ресурстық орталығының жетекшіісі мен мамандары,Қапшағай көпсалалық колледжі, Қапшағай үздіксіз білім беру колледжінің мамандары жүргізді. Кездесу барысында оқушыларға мемлекеттік, шетелдік гранттар мен «Серпін» бағдарламасының гранттары бойынша ақпараттар айтылып, сұранысқа ие мамандықтар тізімі көрсетіліп, мамандық иесі болудың тиімді жақтары туралы ақпараттар алды.Кәсіптік бағдар беру барысында оқушылар тиісті сауалнаманы толтырып, тиісті сұрақтарға жауап алды.

Жаңалықтар | Новости