Суббота, 27 апреля, 2024

Басқада

ҰЛТ ҰСТАЗЫНА АРНАЛҒАН ФЕСТИВАЛЬ

Сәрсенбі күні Қонаев қалалық мәдениет үйінде «Тіл – достықтың кепілі» атты тіл фестивалі болып өтті. Тіл мерекесі ұлт ұстазы, көрнекті қоғам қайраткері, қазақ ғылымының дамуына өлшеусіз үлес қосқан Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналды.

Тіл фестиваліміздің мақсаты  Қазақстан Республикасының «Қазақстан Респуликасындағы тіл туралы» Заңын, Тілдерді дамыту мен қолдану  мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, қаланың тілдік ахуалын саралау, ұлттық достастығы мен бірлігін таныту, үш тілді меңгерген өнерлі жастарды колдау болып табылды.

Фестивальді құттықтау сөзбен ашқан Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысыТуғанай Рахымберлина  «Бұл күн – тіл білімінің атасы Ахмет Байтұрсынұлы өмір есігін ашқан күн. Дүниеге бекзат болмысымен келіп, жазған дүниесімен мыңдаған жүректерге шырақ жаққан күллі ұрпаққа рухани көсем болған Ахмет Байтұрысынұлының есімін ұлықтау – ортақ міндетіміз. Тағдырын ұлтына арнаған санаулы тұлғаның бірі Ахмет Байтұрсынұлына қандай құрмет, қошамет көрсетсек те артықтық етпейді» деп өткізіліп отырған іс – шараның мән — мазмұнына тоқталып өтті.

Облыс көлемінде мемлекеттік тіл саясатын  насихаттауда жемісті еңбек етіп жүрген Сүлеймен Демирель университеті филология ғылымының кандидаты, аға оқытушысы  Бота Хасен, «Халықаралық «Қазақ тілі қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Талғар аудандық филиалының төрайымы Рая Байшықова, Балқаш аудандық ішкі саясат, мәдениет,  тілдерді дамыту және спорт бөлімінің бас маманы  Гүлзат СәлімжановаҚазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің Құрмет грамотасымен, Алматы облысы әкімінің Құрмет грамотасымен Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бас маманы  Ардақ Сеңгірбаева, Ілеаудандық ішкі саясат, мәдениет,  тілдерді дамыту және спорт бөлімінің бас маманы  Бақытжан Рақымжан, Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының Құрмет грамотасыменҚонаев қаласының ішкі саясат, мәдениет,  тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Бибігүл Шайкенова мен осы бөлімнің бас маманы  Анель Бақтығожаева, Алматы облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы» КММ басшысының міндетін атқарушы Күлзира Әкімжанова, Қарасай ауданы әкімінің аппараты, ұйымдастыру бөлімінің бас маманы Сақтаған Жарылқасын және басқа да көптеген тіл жанашырлары марапатталды.

Мерекелік кеш  қалалық өнерпаздардың концерттік бағдарламасымен қорытыланды.

Назгүл НҰРСЕЙІТОВА

Жаңалықтар | Новости