Пятница, 29 марта, 2024

Басқада

БОЛАШАҚТЫ АЙҚЫНДАҒАН «БЕС БАҒДАР»

Қабылданған Конституциялық реформа Жаңа, Әділетті Қазақстанды құру жолындағы аса маңызды қадам екенін баса айтқан Президент еліміздегі саяси жаңғыру енді экономикалық өзгерістерге ұласуға тиіс деп, бес бағдардан тұратын «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты Қазақстан халқына арнаған кезекті  Жолдауын жариялады.

ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТ бағдарының басымдықтары: жеке кәсіпкерлік бастамаларды ынталандыру, бәсекелестікті дамыту, ұлттық табысты әділ бөлу.

НАҚТЫ СЕКТОРДЫ ДАМЫТУ бағдарында арнайы экономикалық аймақтарды дамыту үшін инвестиция тарту, мемлекеттің экономикаға араласуын біртіндеп азайту, еліміздің транзиттік қуатын арттыру, автожол құрылысы мен жергілікті жолдардың сапасын арттыру, Ұлттық экономика құрылымында құрылыс секторын дамыту, ауыл шаруашылығын дамыту, су тапшылығы мәселелеріне қатысты қабылданатын шаралар туралы айтып, нақты тапсырмалар берді.

ЕЛ БОЛАШАҒЫНА АРНАЛҒАН СТРАТЕГИЯЛЫҚ ИНВЕСТИЦИЯ бағдарында денсаулық сақтау саласын қаржыландыру жүйесі, мектепке дейінгі тәрбие мен орта білімнің сапасы, жоғары білім саласындағы реформалар, еңбекақыны нарықтағы жағдайға сай өсіру, зейнетақы жүйесі, әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі, жастарға қолдау көрсету, адам әлеуетін дамыту, кәсібилік пен еңбекқорлық мәселелеріне жіті тоқталып өтті.

МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ІСІН ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТУ бағдарында экономиканы түбегейлі реформалау үшін мемлекеттік басқару жүйесіне серпіліс қажет деп баса айтты. Осы орайда, мемлекеттік басқару жүйесін орталықсыздандыру, үкіметтің кейбір құзыреттерін министрліктерге беру, жергілікті атқарушы органдардың өкілеттігін кеңейту, жергілікті өзін-өзі басқару мәселелеріне, тұрғын-үйлер мен қала инфрақұрылымын абаттандыру мәселесіне, жаңа әкімшілік реформа әзірлеу, кадрлық резервті нығайту, квазимемлекеттік сектордағы басқару ісіне баса назар аударылатындығын жеткізді.

ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП бағдарында заң үстемдігі, сот жүйесі, құқық қорғау жүйесі мәселелерін айқындап берді.

Алдағы реформалардың бағыт-бағдарын айқындап берген соң,  Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев «Қоғамымыздың мызғымас тұғырына айналған «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласы аясында мемлекетімізді және қоғамның барлық саласын жаңғырта түсуге тиіспіз» — деді.

Жаңа стратегияға сәйкес басты мемлекеттік институттарды кешенді түрде қайта жаңғыртуға кірісу қажет екендігін айта келе, Әділетті Қазақстанды құру жолында түбегейлі және жан-жақты реформаларды табысты жүзеге асыру үшін халықтың жаңа сенім мандаты қажет деді. Осы орайда  Қ.Тоқаев биылғы күзде кезектен тыс Президент сайлауын, келесі жылдың бірінші жартысында Мәжілістің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың сайлауын өткізуді ұсынды.

Осы қадамның бәрі біздің «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» атты басты формуламызды біртіндеп нақты мән-мазмұнмен байыта түседі деді.

Шынында, бүгінгі Жолдау Әділетті Қазақстанды құрудың нақты бастамасы екенін түсінуге болады. Сондықтан, бәріміз бірлігімізді бекемдеп, таңдаған жолымыздан айнымай, Әділетті Қазақстанды бірге құру үшін аянбай еңбек етейік.

Ержан НҰРПЕЙІСОВ,

 Қонаев қалалық мәслихатының депутаты

Жаңалықтар | Новости