Сәрсенбі, Қыркүйек 28, 2022
spot_img

Африкадан келген офицерлер Қостанайға сотталғандармен тәжірибе алмасу үшін келді

Басқада

Қостанай академиясында қылмыстық-атқару жүйесі саласында тәжірибе алмасу үшін келген Уганда және Тунис пенитенциарлық қызметтері делегацияларының қатысуымен дөңгелек үстел өтті.


2019 жылы Қазақстан Сотталғандар арасында экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі ЕО-БҰҰ жаһандық бағдарламасының қатысушысы болғанын атап өту қажет. Бұл бағдарламада Қостанай академиясы сотталғандарды радикалды көзқарастан арылтуды және олардың қоғамға оралуын қамтамасыз ететін түрме персоналы мен пробация қызметін оқыту және біліктілігін арттыру бойынша оң нәтижелерге қол жеткізді.
Іс-шарада Қазақстанның қылмыстық-атқару жүйесі және оны кадрлық қамтамасыз етудің жалпы таныстырылымы өтті. Сондай-ақ, Тунис пен Угандадан келген әріптестер өз елдеріндегі экстремистік және террористік бағыттағы қылмыстары үшін сотталғандармен жұмыс істеуге қызметкерлерді дайындау туралы айтып, сотталғандармен жұмыс істеудің осы бағытындағы ведомствоаралық өзара іс-қимыл тәжірибесімен бөлісті.
Сапар барысында қонақтар Пробация қызметі мамандарын даярлау және Экстремистік идеологияға қарсы іс-қимыл бойынша ҚАЖ мамандарын даярлау орталықтарымен танысып, Академияның магистранттары мен докторанттарымен кездесті.

Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының баспасөз қызметі

- Advertisement -spot_img
- Advertisement -spot_img

Жаңалықтар