9, 10 және 11 наурызда Қазақстан аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК синоптиктері мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бейсенбі, жұма және сенбі күндері бірқатар өңірде екпінді жел мен көктайғақ құбылыстарымен бірге қар, қар аралас жауын-шашын болады.
9 наурызда республиканың шығысында және оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.
«Алдағы үш күнде республика бойынша тұман күтіледі. Республиканың басым бөлігінде температуралық фонның айтарлықтай өзгеруі күтілмейді, тек республиканың солтүстік, орталық, шығыс облыстарында түнде ауа температурасы 5-18 градус аязға дейін төмендейді», — делінген хабарламада.