Іле ауданында мемлекеттік қызметшілерарасында өткен «Әкім кубогы – 2026» аудандықпікірсайыс турнирі жоғары деңгейдеұйымдастырылды.
Мемлекеттік қызмет – тек міндет пен жауапкершілік емес. Бұл – елдің дамуына серпінберетін білім, ойлау, кәсіби ұстаным мен азаматтықжауапкершілік тоғысқан ерекше қызмет саласы.
23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніқарсаңында Іле ауданында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында мемлекеттік қызметшілерарасында «Әкім кубогы – 2026» аудандықпікірсайыс турнирі өтті.
Зияткерлік дода мемлекеттік қызметшілердіңкәсіби әлеуетін арттыруға, шешендік қабілетіншыңдауға, құқықтық мәдениетін нығайтуға жәнезаманауи басқару дағдыларын дамытуғабағытталды.
Іс-шараның ашылу салтанатын Іле ауданы әкіміаппаратының басшысы Данияр Сарымбеков ашты.
Сонымен қатар, Қазақстан РеспубликасыМемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті Сыбайласжемқорлықтың алдын алу басқармасыныңбасшысы Ділмұрат Сунатиллаев, Іле ауданыпрокуратурасының прокуроры ӘзілханНұрқалиұлы және мемлекеттік қызметшілерқатысты.
Турнир барысында ауданның ауылдықокругтері мен мемлекеттік мекеме өкілдеріненқұралған командалар заң үстемдігі, қоғамдықтұрақтылық, тиімді басқару, мемлекеттік қызметтіңбеделі мен заманауи келбеті бағыттары бойынша өзойларын ортаға салды.
Пікірсайыс алаңы қатысушылардың тек шешендік шеберлігін ғана емес, сонымен қатартерең талдау жасау, дәлелді пікір білдіру, сыниойлау және көшбасшылық қабілеттерін көрсетугемүмкіндік берді.
Финалдық кезеңге өткен командалар арасында«Бұл палата Қазақстанда сыбайлас жемқорлықтыазайтудың ең тиімді жолы – әділ бәсекелестіктідамыту деп есептейді» тақырыбында пікірталасұйымдастырылды.
Аталған қарар аясында қатысушылармемлекеттік басқару сапасы, экономикалықортадағы ашықтық, адал бәсекелестіктің қоғамдағырөлі және сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағытиімді тетіктер жөнінде өз ұстанымдарын білдірді. Тараптар нақты дәлелдер келтіріп, мәселені жан-жақты талдап, құқықтық және әлеуметтік тұрғыдансараптай білді.
Мемлекеттік қызметші – халық сенімінарқалаған тұлға. Сондықтан оның кәсіби біліміменқатар, ой еркіндігі, құқықтық сауаттылығы жәнеқоғам мәселелеріне жауапкершілікпен қарайтыназаматтық ұстанымы маңызды.
Тартысты өткен пікірсайыс қорытындысыбойынша жеңімпаздар анықталды: І орын – Өтегенбатыр ауылдық округі; ІІ орын – Ащыбұлақауылдық округі; ІІІ орын – Байкент ауылдық округіиеленді.
Сонымен қатар, арнайы номинацияларбойынша: «Үздік спикер» – Баймұханбет Данияр; «Үздік фракция» – Қараой ауылдық округі атанды.
«Әкім кубогы – 2026» – мемлекеттікқызметшілердің кәсіби дамуына, өзара тәжірибеалмасуына, жаңа идеялар қалыптастыруына жәнекөшбасшылық қасиеттерін жетілдіруге мүмкіндікберген маңызды алаңға айналды.
Бұл дода – жай ғана пікірталас емес, мемлекеттік қызметтің жаңа сапалық бейнесінқалыптастыруға бағытталған бастама. Себебісапалы басқару – сапалы ойдан басталады.
Заң мен тәртіп қағидатын берік ұстанғанмемлекеттік қызметші – халықтың сенімінақтайтын, ел дамуына нақты үлес қосатын негізгітұлға.
«Әкім кубогы – 2026» – ойы озық, сөзісалмақты, ел мүддесіне қызмет етуге дайынмемлекеттік қызметшілерінің зияткерлік алаңыболды.

