Қонаев қаласында «Әділет» партиясы сайлауалды штабының өкілдері Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА), мәдениет саласы және үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) өкілдерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылып, қоғамдық келісім мен тұрақтылықты нығайту, азаматтардың құқықтарын қорғау, мәдени құндылықтарды сақтау және азаматтық қоғамды дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Жиын барысында мәдениет саласының қоғам өміріндегі маңызы, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, түрлі этнос өкілдері арасындағы өзара түсіністік пен бірлікті нығайту жөнінде ой-пікірлер ортаға салынды. Қатысушылар өзекті мәселелерді көтеріп, қоғамның дамуына бағытталған ұсыныстарымен бөлісті.
Сонымен қатар, ҮЕҰ өкілдері азаматтық бастамаларды қолдау, әлеуметтік мәселелерді шешуге қоғамның белсенді қатысуы және халықтың әл-ауқатын арттыру бағытындағы өзекті ұсыныстарын жеткізді.
Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар елдегі қоғамдық келісім мен әлеуметтік әділеттілікті нығайтуға бағытталған бірлескен жұмыстардың маңыздылығын атап өтті.
Бірлік пен өзара түсіністік — әділетті қоғамның берік негізі!


