Пятница, 19 апреля, 2024

Басқада

Қазақстанда жылына 10 миллион тонна бидай жиналмай отыр — Смайылов

Премьер-министр Әлихан Смайылов Қазақстанда бидай өнімінің төмендеуіне тоқталып, шаруалардың жыл сайын 10 миллион тонна өнім жинамайтынын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Мамандардың бағалауынша, егістіктерге минералды тыңайтқыштарды жеткіліксіз енгізгендіктен, біздің диқандар жыл сайын 10 миллион тоннаға жуық жоғары сапалы бидайды жинамайды, бұл жиналған өнімнің жартысына жуығы. Топырақтың деградациясы мен егістіктің арамшөптермен бітелуі өнім сапасы мен санына кері әсер етеді»», — деді Премьер-министр Үкімет отырысында.

Сонымен қатар, Үкімет басшысы Ауыл шаруашылығы министрлігіне шаруалар арасында дұрыс түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

«Суды көп қажет ететін егістік алқаптарын қысқарту тетігі жеткілікті түрде әзірленбеген. Шаруалар арасында тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілмеген. Осыған байланысты Ауыл шаруашылығы министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен және облыс әкімдіктерімен бірлесіп, осы бағыттағы жұмысты күшейту қажет», — деп түйіндеді сөзін Премьер-министр.

Жаңалықтар | Новости