Четверг, 25 апреля, 2024

Басқада

Алакөл маңында жер сілкінісі болды

Жетісу облысы Алакөл көлі маңында жер сілкінісі болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ТЖМ «СТӘЭ» ЖШС сейсмикалық станциялар желісіне сілтеме жасап.

Магнитудасы 4,1 балл болатын жер асты дүмпулері Астана уақыты бойынша сағат 08:01-де тіркелді.

«Жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 424 шақырым жерде орналасқан», — делінген хабарламада.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы — 10,3. MPV магнитудасы — 4,1. Тереңдігі — 10 шақырым.

Жаңалықтар | Новости