Среда, 1 мая, 2024

Басқада

Коронавирус пандемиясы аяқталады — ДДСҰ

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бас директоры Тедрос Аданом Гебрейесус 2023 жылы COVID-19 пандемиясы аяқталатынына сенім білдірді. Бұл туралы ол денсаулық сақтау саласына қосқан үлесі үшін кіші Томас Фрэнсис медалін тапсыру кезінде айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі gazeta.ru сайтына сілтеме жасап.

«Биыл қандай да бір уақытта COVID-19, қоғамдық денсаулық сақтау аймағындағы халықаралық алаңдаушылық тудыратын төтенше жағдай және пандемия ретінде аяқталды деп айта алатынымызға сенімдімін», — деді Гебрейесус.

Сонымен қатар, ДДСҰ басшысы 11 наурызда ДДСҰ алғаш рет COVID-19 індетін пандемия деп жариялағанына үш жыл толғанын атап өтті. Оның айтуынша, қазір әлем «пандемия кезіндегіден әлдеқайда жақсы жағдайда».

Жаңалықтар | Новости