Понедельник, 24 июня, 2024

Instagram@nurlyolke

Басқада

spot_img

Құмар ойынды насихаттайтын жарнамаға тыйым салу керек — депутат Жанарбек Әшімжан

Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан елдегі құмар ойындарға қатысты мәселе көтерді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жанарбек Әшімжан казиноларды Қапшағайға, Щучинскіге көшіргенмен, мәселе өз шешімін толық таппағанын айтады. 

«Құмар ойынға әуестердің казино мен букмекерлік компанияларға жұмсайтын қаражат көлемі жаға ұстатады. 2022 жылы құмар ойындарды ұйымдастыру және бәс тігу бойынша қызметтер көлемі 553,6 млрд теңгені құраған. Бұл 2021 жылғы көрсеткіштен 52 млрд теңгеге артып кеткен және 2020 жылмен салыстырғанда 6,2 есеге (89,7 млрд теңге) жоғары. Құмар ойындарды ұйымдастыру және бәс тігу – қызмет көрсету көлемі бойынша жылжымайтын мүлікті рәсімдеуден, (2,6 есе), сәулет, инженерлік ізденістер, техникалық сынақтар және талдау саласындағы қызметтен (1,7 есе), компьютерлік бағдарламалау мен консультациялық қызметтерден (1,4 есе) кейінгі орында тұр», — дейді депутат. 

Жанарбек Әшімжан құмар ойындардың зынданына түскендердің күн санап артып бара жатқанын ескере отырып, Үкіметтен бірнеше нақты іс-шараларды жедел түрде алуды талап етті. 

Бірінші, букмекерлік кеңселерге банкрот деп танылған тұлғалардан және қолданыстағы несие бойынша 3 айдан астам уақыттан бері төлем жасай алмаған тұлғалардан онлайн және офлайн бәс тігуді қабылдауға қатаң тыйым салу керек.

Екінші, қаржы пирамидаларын, онлайн-казиноларды және басқа да қауіпті құмар ойындарды жарнамалауға толық тыйым салу туралы қолданыстағы заңнамаға тиісті өзгерістер енгізу керек.

Үшінші, елде тыйым салынған, бірақ соған қарамастан интернетте кездесетін электрондық казинолардың жарнамалық қызметін бақылауды күшейту қажет.

Төртінші, супермаркеттер мен қоғамдық орындарда самсап тұрған «Lotomatic» секілді әртүрлі лотерея терминалдарын орнатуға және лотерея билеттерін таратуға қатаң тыйым салу керек.

Бесінші, жетекші теле-радио арналар мен интернет-порталдарда құмар ойынды насихаттайтын жарнаманың барлығына тыйым салу керек.

Жаңалықтар | Новости

Instagram@nurlyolke