Понедельник, 20 мая, 2024

Басқада

spot_img

Генерал Күдебаев Бішкектен Ыстамбұлға ұшып кеткен — Бас прокуратура

Мәжіліс кулуарында Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев қашқын полиция генералы Серік Күдебаевқа қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Істің маңыздылығын ескере отырып, істі Бас прокуратура өз бақылауына алды. Іздеу жұмыстарына ең тәжірибелі қызметкерлер тартылған. Қырғызстанға сұраныс жібердік, енді бірлескен іздестіру шараларын жүргіземіз. Қырғызстандық әріптестеріміздің мәліметінше, Күдебаев оларға жетіп, Манас әуежайы арқылы Ыстамбұлға ұшып кеткен. Олар бұл ақпаратты қазір беріп жатыр. Түркиямен келісіміміз бар, қазір олармен жұмыс істеп жатырмыз. Біз барлық ақпаратты бере алмаймыз, адам қашып жүргендіктен, бұл тергеуге зиян тигізуі мүмкін», — деді Өмірәлиев журналистерге.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысы Полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаевқа халықаралық іздеу жарияланғаны белгілі болған еді.

Жаңалықтар | Новости