Воскресенье, 28 апреля, 2024

Басқада

Жигули Дайрабаев ұлдарының сотталуына қатысты мәлімдеме жасады

Мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаев ұлдарына қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Депутат Мәжіліс отырысында мәлімдеме жасады.

«Құрметті әріптестер, алдымен сіздерге ризашылығыамды білдіргім келеді. Балаларыма байланысты туындаған мәселе бойынша депутат, әріптес ретінде қолдау көрсетіп жатырсыздар. Моральдық жағынан әділдік танытып, құқықтық жағынан сауаттық білдіргендеріңізді жоғары бағалаймын. Балаларымды кінәлі деп есептемеймін. Олар әділдік үшін күреседі. Аппелляциялық сотқа жүгініп, абыройын қорғауға мүдделі. Ендеше мен Мәжілістен не үшін кетуім керек?», — деді Дайрабаев.

Еске салайық, Мәжіліске «Ауыл» партиясынан сайланған Жигули Дайрабаевтың екі ұлы Марат Дайрабаев пен Дидар Молдақалық 550 миллион теңгеден аса субсидия қаржысын жымқыру туралы іс бойынша шартты мерзімге сотталған болатын. Бұл ақпаратты Жамбыл облыстық сотының судьясы Ғалым Күлекеев растады.

Жаңалықтар | Новости