Воскресенье, 8 сентября, 2024

Instagram@nurlyolke

Басқада

spot_img

Қазақстан «спорттағы жемқор» елдердің ондығына енді

Sportradar спорттық аналитикалық компаниясының мәліметінше, 2022 жылы 1212 спорттық матч өте күмәнді өтті, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 307 матчқа (34 пайыз) көп. Көрсеткіш 2015 жылы алаяқтықты анықтаудың әмбебап жүйесі іске қосылғаннан бері алғаш рет мыңнан асып отыр, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ranking.kz сайтына сілтеме жасап. 

Ерлер арасындағы жарыста 1188, әйелдер арасында 24 кездесу болды. Sportradar сарапшыларының пікірінше, спорттағы күмәнді матчтардың өсуіне 2022 жылы әлемнің көп бөлігін шарпыған экономикалық күйзеліс әсер етті. Нәтижесінде, жоғары деңгейдегі емес көптеген жарыстар, командалар мен спортшылар қаржылық қысымның күшеюіне тап болды, бұл аталған үрдіске теріс әсер еткені сөзсіз.

Осыған байланысты алғашқы он елдің үлесіне әлемдегі барлық күмәнді матчтардың 47,1 пайыз-ы тиесілі. Өкінішке қарай, Қазақстан 2022 жылы 43 күмәнді ойынмен бұл антирейтингте 4-орынға тұрақтады. Бразилияда (152 күдікті матч), Ресейде (92 матч) және Чехияда (56 матч) жағдай Қазақстанға қарағанда нашар, Қытайда (41 матч), Грекияда (40 матч) және Аргентинада (39 матч) Қазақстаннан жақсырақ.

Макроөңірлер бойынша ең көп күмәнді матчтар Еуропада тіркелді: 630. Одан кейін Азия мен Оңтүстік Америка: сәйкесінше 240 және 225 матч. Африкада 93 күмәнді матч, Солтүстік Америкада 23 күмәнді матч тіркелді. Бұл ретте мұндай даулы матчтар санының айтарлықтай өскені Африка мен Оңтүстік Америкада байқалды: бір жылда тиісінше 82 пайыз және 72 пайыз.

Күмәнді ойындардың шамамен үштен екісі ең танымал спорт түрі футболға қатысты: 775 матч, 2021 жылмен салыстырғанда 11,5 пайыз өсті. Одан кейінгі орында баскетбол: 220 матч, 3,5 есе көбейген. Теннисте күдікті матч 41,5 пайыз өсіп 75 болды. Сарапшылардың күмәні туындаған спорт түрлерінің қатарында үстел теннисі (62 матч) және киберспорт (36 матч) та бар. Крикет, хоккей, гандбол және басқа да спорт түрлері күмәнді матчтардың жалпы санының 3,6 пайыз-ын ғана құраған.

Күмәнді матчтардың көбі футболда болғаны таңқаларлық емес: бұл әлемдегі ең танымал спорт түрі ғана емес, сонымен қатар бәс тігуде ең қолайлысы. Сонымен қатар, футболдан тыс күмәнді жарыстардың саны айтарлықтай өсті: мысалы, егер 2021 жылы футбол бірден барлық күмәнді матчтардың 77 пайызын құрап, басқа спорт түрлерінде олардың саны небәрі 210 болса, 2022 жылы көрсеткіш 437.

Айта кетейік, футболдағы күмәнді матчтардың үлкен үлесі екінші және үшінші лигалар ойындарында байқалды: тиісінше 30,6 пайыз және 29,03 пайыз. Бұл ретте күмәнді матчтардың тек 17,5 пайызы бірінші немесе ең жоғары лигада болды.

Сондай-ақ футболда күмәнді матчтардың ең жоғары үлесі болды, 2022 жылы барлық футбол мачтінің 0,59 пайыз немесе әрбір 177 ойында 1 күмәнді матч. Одан кейінгі орында баскетбол (0,51 пайыз), киберспорт (0,2 пайыз), теннис (0,07 пайыз) және үстел теннисі (0,04 пайыз). Жалпы, 2022 жылы барлық спорт түрлері бойынша күмәнді матчтардың жиілігі әрбір 476 ойында 1 немесе барлық спорттық іс-шараның 0,21 пайызы.

Футболдағы күмәнді матчтердің ең көп шоғырланғанын IBIA (Халықаралық әділ бәс тігу және пари қауымдастығы) деректері де растайды. Қауымдастық үздік бес футбол лигасындағы матчтар, Чемпиондар лигасы және Еуропа лигасы бәс тігулердің 25 пайыздан аз, ал басқа лигалар барлық ставканың төрттен үштен астамын немесе 110 миллиард АҚШ долларын құрайды деп санайды. Лицензиясы бар букмекерлік кеңселер бұл жағдайдан зардап шегіп жатыр, олар матчтардың кесірінен жылына 25 миллион АҚШ долларын жоғалтады.

Сонымен қатар, Қазақстанда 2022 жылы құмар ойындар мен бәс тігулерді ұйымдастыру қызметінің көлемі 553,7 миллиард теңгеге жетті, бұл 2021 жылмен салыстырғанда бірден 7,5 есе артық.

Салыстыру үшін: жалпы 2022 жылға спорт, демалыс және ойын-сауық саласындағы қызмет көрсету көлемі 589,6 миллиард теңге, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 47,7 пайыз артық. Бұл ретте спорт клубтарының қызметі бір жыл ішінде небәрі 22,5 пайыз ғана өсіп 31,8 миллиард теңгеге жеткен.

Жаңалықтар | Новости

Instagram@nurlyolke