Суббота, 27 июля, 2024

Instagram@nurlyolke

Басқада

spot_img

Грузияда ұсталған Тараз қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Қайрат Сарытай Қазақстанға жеткізілді

Грузияның әділет Министрлігі лауазымдық құзыретін асыра пайдаланғаны және 50 млн тенгеден астам бюджет қаражатын ысырап қылғаны үшін күдікті деп танылған Тараз қаласы әкімінің бұрынғы орынбасарын ұстап беру туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрау салуын қанағаттандырды.

 Күдікті қылмыс жасағаннан кейін қылмыстық қудалау органынан бой тасалаған, сондықтан оған қатысты халықаралық іздеу жарияланған.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде іздеуде жүрген тұлға Грузияда анықталып, ұсталды.

Грузиялық әріпестермен арадағы тығыз қарым-қатынастың нәтижесінде бүгін Бас прокуратура, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің көмегімен күдіктіні қылмыстық жауапқа тарту үшін Қазақстанған әкелді.

Ққазіргі уақытта, ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.

Жоғарыда көрсетілген қылмыстарды жасағаны үшін оған 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Жаңалықтар | Новости

Instagram@nurlyolke