Суббота, 25 мая, 2024

Басқада

spot_img

Ақтөбеде әйел есірткі тасымалдағаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Ақтөбе тұрғыны есірткі тасымалдағаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Әйелден бір келіден аса есірткі тәркіленді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі «Мой город» басылымына сілтеме жасап. 

8 маусымда саяжай кооперативтерінің бірінде 29 жастағы әйел ұсталды. Жеке тінту кезінде одан салмағы 0,75 грамм зат салынған бума табылды. Оның тұрғылықты жерінен есірткі заты салынған 10 пакет пен электрон таразы тәркіленді.

Ақтөбе облысы ІІД баспасөз қызметі өкілдері әйелдің төрт жерден белгі қойғанын хабарлады. Тексеру кезінде ұнтақ секілді заты бар тағы 70 бума табылды. Тәркіленген психотроп заттардың жалпы салмағы бір келіден асады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Әйел өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Жаңалықтар | Новости