Суббота, 27 июля, 2024

Instagram@nurlyolke

Басқада

spot_img

Мәдени мұраны қорғау Конвенциясының 20-жылдығына арналған фотокөрме ашылды

ЮНЕСКО-ның Алматыдағы кластерлік бюросы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейінің ұйымдастыруымен материалдық емес мәдени мұраны қорғау Конвенциясының 20-жылдығына арналған фотокөрме ашылды. Шара аясында атадан балаға аман жеткен әралуан материалдық емес бай мұра көпшілік назарына ұсынылды.

Конвенция шеңберінде  жарыққа шығарылған салт-дәстүр, қолөнер мен түрлі рәсімдер, мәдениет айшықтары мен мерекелер жайлы танымдық фотосуреттер мен визуалды әңгімелер ұсынылған шараны ҚР МОМ директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Ғалия Теміртон салтанатты түрде ашып, ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұраны қорғау Конвенциясының 20 жылдығымен құттықтады. Сондай-ақ ЮНЕСКО кластерлік бюросының Алматыдағы өкілі Айгүл Халафова сөз алып, шараның маңыздылығын былайша түсіндірді: «Біздің фотокөрме мәдениет және мәдени мұраның адамдарды біріктіре алар құдіретін сезінуге, Орта Азияны мекендейтін түрлі ұлттардың салт-дәстүріндегі ұқсастықтарды тануға көмектесеріне сенімдімін», — деді.

Салтанатты шараға ЮНЕСКО Кластерлік бюросының Алматыдағы өкілдері, Музей басшылығы және қала тұрғындары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Материалдық емес мәдени мұраның маңыздылығын ұғып, оның байлығын сақтап қалуға әркім үлес қосуға тиіс.

ҚР Мемлекеттік орталық музейі тарих пен мәдениетті құрметтеп, өнерді сүйетін қауымды музейге келіп, көрмеде ұсынылған бірегей фотосуреттермен танысуға шақырамыз.

Көрме 27-ші қыркүйекке дейін жалғасады.

Жаңалықтар | Новости

Instagram@nurlyolke