Воскресенье, 19 мая, 2024

Басқада

spot_img

Финалда неге Ту болмады? Ризабек пен жаттықтырушысы жауап берді

Бүгін еркін күрестен ел тарихында алғаш рет әлем чемпионы атанған Ризабек Айтмұхан мен жаттықтырушысы Еркебұлан Кешубаев елге оралды. Әуежайдағы кездесуден кейін Qazaqstan ұлттық арнасындағы «Таңшолпан» бағдарламасына барып, жанкүйерлер көкейінде жүрген кей сұрақтарға жауап берді.

Эфир кезінде жүргізушілердің Туға қатысты сұрағына балуанның жаттықтырушысы қысқа ғана пікірін білдірді.

Туды алып шығатын кісілер болған. Мен балуанның дайындығы, көңіл-күйі, жалпы жағдайын бақылаймын, — деді.

Ризабек болса бұл жағдайға қатысты реніші жоғын алға тартты.

Өзім де Тумен жүгіргім келді. Алла сәтін салмаған шығар, бәлкім келесі жарыста сәті түсер. Тағы үлкен жарыста топ жаруға белгі жіберген болар. Реніш жоқ. Бірақ Тумен жүгірген жақсы болар еді… – деді әлем чемпионы.

Әлем чемпионы Ризабек Айтмұханның жұрт біле бермейтін қырлары

Айта кетейік, күресте чемпион болған балуан боз кілемді айналып өз елінің Туын желбіретіп шығатын «дәстүр» бар. Ризабек әлем чемпионы атанған сәтте Ту болмай, бапкерімен бірге жүгіріп өткен болатын.

Жаңалықтар | Новости