Воскресенье, 19 мая, 2024

Басқада

spot_img

Алматы облысы: дәрігерлер инсульттан кейінгі науқастың сөйлеу қабілетін қалпына келтірді

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына сөйлеу қабілеті бұлшық еттерінің (ерін, тіл, жұмсақ таңдай, дауыс қатпарлары, көмей, тыныс алу бұлшықеттері) иннервациясы бұзылған 60 жастағы науқас түсті. Тексеруден кейін аурухана дәрігерлері науқасқа инсульттан кейінгі дизартрия диагнозын, яғни сөйлеу қабілетінің бұзылуын қойды.

Жалпы, сөйлеу қабілетінің бұзылу себептері инсульт, бас миының жарақаттары, нейрохирургиялық араласулардың салдары, ісіктер және әртүрлі нейродегенеративті процестер болуы мүмкін.

«Науқастың негізгі ауру белгілері артикул мүшелерінің қозғалғыштығының шектелуі, бұлыңғыр, оқылмайтын және баяу сөйлеу болды. Науқастың сөйлеуін қалпына келтіру үшін біз логопедпен жұмыс жасау керектігін байқадық. Диагностикалық тексеру барысында маман сөйлеу қабілетінің бұзылуының қандай аспектілері бойынша болғанын қарап, жеке қалпына келтіру бағдарламасын жасады және логопедиялық массаж, тыныс алу, артикуляциялық гимнастика, сөйлеу бұлшықеттерін дірілдетуді қамтитын жеке сабақтар өткізді. Науқасқа көрсетілген барлық көмек міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында жүргізілді», — деп бөлісті оңалту бөлімінің меңгерушісі Динара Наметова.

Қазіргі кезде науқастың жағдайы жақсы, сөйлеу қабілеті орнына келіп, қалыпты жағдайдағы өміріне қайта оралды.

Жаңалықтар | Новости