Суббота, 27 июля, 2024

Instagram@nurlyolke

Басқада

spot_img

Тәртіп сақшылары асылып қалған қызды құтқаруға көмектесті

Түркістан облысында түн жарымында екі тәртіп сақшысы өзін-өзі өлтірмек болған қызды құтқарып қалды.

Пүнде павлодарлық жас жігіт Төлеби АПБ-ға қоңырау шалып, Түркістан облысында тұратын танысы өз-өзіне зиян келтіргелі жатқанын және оны тез арада құтқару керектігін хабарлайды.

Полиция қызметкерлері Есенғали Асқарбеков пен Бейбарыс Серікбаев ойланбастан бірден қыздың мекенжайын анықтап, сол жерге жетеді.

Учаскелік инспекторлар үйдің қақпасын қаққанымен, ешкім ашпайды.

Содан кейін тәртіп сақшылары уақытты жоғалтпау керектігін түсініп, қақпаның үстінен асып түседі.

Бейтаныс әйел жүгіріп шығып, полицейлердің не істеп жатқанын сұрайды.

Олар қоңырау арқылы келгенін түсіндіреді, алайда әйел қызының өз бөлмесінде ұйықтап жатқанын айтады.

Тәртіп сақшылары сенімді болу үшін үйді тексермекші болады. Осылайша олар қыздың бөлмесінде жоқ екенін және ас үйде қоштасу хаты тұрғанын көреді.

Олар үйдің түкпір-түкпірін аралап, қарай бастады, бірақ қыз із-түзсіз жоқ.

Бейбарыс Серікбаев үйдің төбесіне апаратын баспалдақты байқап, оған көтеріліп, сол сәтте арқанға ілулі тұрған қызды табады.

Учаскелік қызметкер дереу әріптесін көмекке шақырады. Біреуі қызды көтеріп, екіншісі ілмекті кесіп тастайды.

Содан кейін полиция оған алғашқы медициналық көмек көрсете бастады: олар қыздың жансызданған аяқ-қолын уқалап, жасанды тыныс алып, жедел жәрдем шақырады.

Қырағылық пен келісілген әрекеттің арқасында полицейлер 24 жастағы қызды құтқарып қалады.

Қазір оның жағдайы бірқалыпты. Оқиғаның толық мән-жайы әлі де анықталып жатыр.

Анасы тәртіп сақшыларына шын жүректен алғысын айтты.

Сондай-ақ полицейлерге дәрігерлер де алғыс айтып, қыздың уақытында құтқарылғанын, сапалы алғашқы көмек көрсеткенін атап өтті.

Дәрігерлердің айтуынша, полицейлер бірнеше секундқа кешікенде қыз өмірімен қоштасуы мүмкін еді.

Полиция қызметкері Есенғали Асқарбеков 2006 жылдан 2007 жылға дейін Өскеменде әскери борышын өтеп, 2009 жылдың қыркүйегінен бастап ІІО-да жұмыс істейді. Үйленген, үш ұл тәрбиелеп отыр.

Бейбарыс Серікбаев — белгілі әнші әрі композитор Ержан Серікбаевтың ұлы. Маэстро өзінің туған қаласы Арыс қаласында 51 жасында жол апаты кезінде қайтыс болды.

Қайғылы оқиғадан кейін жас жігіт өз өмірін полиция қызметімен байланыстыруға шешім қабылдады. Бейбарыс 2022 жылдан бастап ІІО-да қызмет атқаруда.

Жаңалықтар | Новости

Instagram@nurlyolke