Суббота, 27 июля, 2024

Instagram@nurlyolke

Басқада

spot_img

Түркістан облысының полицейлері жеңгетайлық жасады деген күдікпен 50 жас шамасындағы әйелді анықтады

Түркістан облысы полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жеңгетайлық фактісінің жолын кесті.
Мәселен полицейлер мен Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлері бірлесіп, Арыс қаласының сауналарының бірінен жергілікті тұрғын 50 жас шамасындағы әйелді ұстады.
Жедел уәкілдер тексеру кезінде 20 мың теңге көлемінде ақшалай қаражат пен басқа да заттай дәлелдемелерді тауып, тәркілеп алды. Сондай-ақ Қазақстанның Республикасының 4, Өзбекстан Республикасының 1 азаматы, ең кішісі 25 жастағы жеңіл жүрісті қыздар анықталды.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл факт ҚР ҚК-нің 309-бабының 2-бөлігі «Жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық» бойынша тіркелді. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.
Сондай-ақ полицейлер 9 жеңіл жүрісті қыздарды профилактикалық есепке қойды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Жаңалықтар | Новости

Instagram@nurlyolke