Воскресенье, 5 мая, 2024

Басқада

Алматы облысында жылжымалы медициналық кешеннің көмегімен 2 мыңнан астам адам тексеруден өтті

Алматы аймақтық көпсалалы клиника мамандары онкологиялық скринингке арналған жылжымалы медициналық кешеннің көмегімен екі мыңнан астам шалғай ауыл тұрғындарын тексеруден өткізді. Қазақстанда алғаш рет қолданысқа берілген кешенде үш ай ішінде 640 адам маммографиядан, 801 адам компьютерлік томографиялық тексеруден және 864 адам ультра дыбыстық зерттеуден өткен.

«Қазақстан халқына» қоры «QH Денсаулық жолы» жобасыны аясында табысталған 2 көліктен тұратын жылжымалы медициналық кешен томосинтез функциясы бар сандық маммографиялық жабдықпен, сарапшылық деңгейдегі ультрадыбыстық жүйемен және жоғары дәлдікпен зерттейтін компьютерлік томографпен жабдықталған.

Аталған клиника директоры Олжаев Саяхат Таурбекұлының айтуынша, аудан орталығынан шалғай орналасқан ауыл тұрғындарын кешен мамандары кезекпен медициналық тексеруден өткізіп тұрады.

-Кешен іске қосылғаннан бастап, барлық аудандарды аралап шықтық. Ауруды алғашқы сатысында анықтау арқылы оны толық емдеуге мүмкіндік болады. Қазіргі уақытта кешен Іле ауданы Екпінді ауылының тұрғындарын тексеруден өткізіп жатыр, — деді Саяхат Таурбекұлы.
Жылжымалы кешен 25 және 26 қаңтар күндері Іле ауданы Ақши аулының тұрғындарын тексеруден өткізетін болады.

Жаңалықтар | Новости