Понедельник, 6 мая, 2024

Басқада

Іздеу сұраныстарын талдауға арналған Яндекс Вордстат сервисін жарты миллионнан артық қазақстандық меңгеріп алды

Жарты миллионнан артық қазақстандық Яндекске іздеу сұраныстарының статистикасын – соның ішінде қазақ тілінде қойылғандарды да көрсететін, Яндекс Вордстат тегін сервисін қолданды. Ол Бұл деректер кәсіпкерлерге тиімді жарнама науқандарын жасауға және интернетте бизнес жүргізуге көмектеседі.

Вордстат көмегімен қандай да бір сұраныстың танымалдығын білуге, тақырыпқа қызығушылық қалай өзгергенін және топ ұқсас сұраныстарды қарауға болады. Бұл тауарға немесе қызметке сұранысты бағалауға және жарнамалық ұсыныс жасауға көмектеседі. Сервисте аймақтар мен құрылғылар бойынша кесінділер бар. Мысалы, қазақстандықтар смартфондар мен компьютерлерден [құлаққапты] қаншалықты жиі іздейтінін көруге болады. Жақында сервис жаңарды және енді бір айға ғана емес, күніне, аптасына сұраныс статистикасын көрсетеді.

Деректерді кесте түрінде (CSV немесе XLSX) жүктеуге болады – бұл да сервистің жаңа функциясы. Егер бизнес иесі сұраныстар статистикасын ары қарай талдау немесе жинақ есеп үшін қолдану мақсатында сақтап қойғысы келсе өте пайдалы.  

Сондай-ақ Яндекс Қазақстан бизнес иелеріне интернетте тауарлар мен қызметтерді жүргізуге мүмкіндік беретін, мәнмәтіндік және медиалық жарнама жасауға арналған – Яндекс Директ сервисін ұсынады.

Яндекс Қазақстан

Яндекс Қазақстан — машиналық оқыту және нейрожелі негізіндегі өнімдер мен сервистер жасайтын, технологиялық компания. Компания қолданушылардың өмірін жақсартып және Қазақстанда цифрлық ортаның дамуына бағытталған инновациялық технологияларды әзірлеумен және енгізумен айналысады. Елімізде қазірге таңда іздеу, қалалық, бұлттық және ойын-сауық сервистері жұмыс жасайды, сонымен қатар компания білім беру және әлеуметтік жобларды да дамытуда.

Жаңалықтар | Новости