Вторник, 30 апреля, 2024

Басқада

Қош келдің,әз наурыз!


Заречный ауылындағы «ЛА-155/14 түзету мекемесіндегі кешкі (ауысымдық) мектеп» МКМ -да 19 наурыз күні «Қош келдің,әз наурыз»атты мерекелік іс-шара болып өтті. Іс-шараға кешкі мектеп оқушылары дерлік қатыстырылды. Мектеп директоры Қожумов Е.Қ. сөз сөйлеп оқушыларды мерекемен құттықтады.

Оқушылар арасында түрлі музыкалық аспаптарда ән шырқалып,хор айтылды. Өнерлі,мақтаулы оқушыларымызға мектебіміздің оқу ісі жөніндегі орынбасары Естемесов Т.Т. мақтау қағаздарын табыстады. Іс-шара барысында қазақтың ұлттық ойындары да ойнатылды, (арқан тарту,асық ату, жамбы тб) кешкі мектептің білім алушылары барлық ойындарда өз қызығушылықтарын танытып барынша ойнап көңіл көтерді. Оқушылар мерекелік жиында домбырамен ән шырқап, баянмен сүйемелдеді. Оқушылар арасынан шығып сөз сөйлеп ыстық ықыластарын білдіріп жатты.

Біздің кешкі мектептің оқушылары белсенді әрі елгезек. Кеш соңында дастарханнан түрлі қазақи ұлттық дәстүрімізге сай жеті шелпек, құрт-ірімшік т.б. түрлі тәттілерден ауыз тиді. Концерттік бағдарлама өте қызықты өтті барлық оқушылар ұстаздарына алғыстарын айтты.Осылайша біздің кешкі мектеп ұлт ұжымының ұйымдастыруымен өткізілген іс-шара жоғары деңгейде өткізілді.


Наурыз бұл жыл басы,қайта келер жыл құсы.Осы наурыз мерекесінде бүкіл әлем қуанады,себебі наурызда көненің тозып,жаңаның құлпыратын кезеңі.сондықтан бүтін қазақ елі мәңгілік тұғыры биік, көк туымыз көкте қалықтап тұрсын деп айтқым келеді.

Заречный ауылдық ЛА -155/14 түзету мекемесіндегі кешкі (ауысымдық)мектеп МКМ оқу ісі-жөніндегі орынбасары:Естемесов Т.Т

Жаңалықтар | Новости