Суббота, 27 июля, 2024

Instagram@nurlyolke

Басқада

spot_img

«Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ «Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясы» МКҚК директорының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Филармония басшысына (директорына) қойылатын біліктілік талаптары:

Білімі: педагогикалық ғылымдар (музыкалық білім, тілдер мен әдебиет бойынша) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар (өнер) және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (мәдениеттану) және/немесе бизнес, басқару және құқық бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім;

Еңбек тәжірибесі: мәдениет саласында немесе басшылық лауазымдарда 5 жылдан кем емес, немесе Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар үшін 5 жылдан кем емес, немесе Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша немесе «Шетелде кадрлар даярлау бойынша республикалық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығына сәйкес Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның жұмыс органы (бұдан әрі – Жұмыс орган) бекітетін басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғары оқу орындарын аяқтаған адамдар үшін және педагогикалық ғылымдар (музыкалық білім, тілдер мен әдебиет бойынша) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар (өнер) және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (мәдениеттану) және/немесе бизнес, басқару және құқық бағыттары бойынша ғылыми дәрежесі бар адамдар үшін мәдениет саласында немесе басшы лауазымдарда 4 жылдан кем емес;

Үміткер білу керек: Конституцияны; Бюджет кодексін; Еңбек кодексін; Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін; Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін; «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы», «Мәдениет туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік сатып алулар туралы», ішкі еңбек тәртіптемесінің, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі талаптарының тәртібі, Қазақстан Республикасының заңдарын.» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-223/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету қағидаларын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21721 болып тіркелген)»;

Қажетті құжаттардың тізбесі: 1) қоса беріліп отырған құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш; 2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; 3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты жерінің мекенжайын және байланыс телефондарын көрсете отырып); 4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; 5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі; 6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

Конкурсты өткізу орны: 040800, Алматы облысы, Қонаев қаласы, 1 ш/а, №45 әкімшілік ғимарат, 8/72772/2-38-49, kultura-konaev@mail.ru

Құжаттарды қабылдау: 15 күнтізбелік күн. (29.05-13.06.2024ж)

Жаңалықтар | Новости

Instagram@nurlyolke