Воскресенье, 23 июня, 2024

Instagram@nurlyolke

Басқада

spot_img

Өткен жылға қарағанда салқынырақ, бірақ климаттық нормадан жылы — Яндекс Ауа райы Қазақстанда жаздың қандай болатынын айтты

Яндекс Ауа райы метеорологтары Қазақстанда жаздың климаттық нормадан[1] жылы, бірақ 2023 жылғы маусым-тамызға қарағанда салқын болатынын анықтады. Ел тұрғындары мен қонақтарында қолшатыр болуы керек: бұл жаз былтырғы жазға қарағанда жаңбырлы болады. Дегенмен, ауа-райының қолайсыздығына байланысты көңіл-күйді түсермеген абзал: жаздың үш айының әрқайсысында орташа температура сол кезеңдердегі көпжылдық көрсеткіштерден жоғары болады.

Жылы, бірақ жаңбырлы

Жазда Қазақстанда климаттық нормадан 0,3-0,6°С-қа жылы болады. Атап айтқанда, маусымда орташа температура да сол кезеңдегі көпжылдық көрсеткіштен — 0,4°C-қа асып түседі. Шілде мен тамыз да әдеттегіден ыстық болады: әр айдағы орташа температура көпжылдық нормадан сәл жоғары болады.

Сонымен қатар, алдағы жаз тек өткен жылмен ғана емес, сонымен қатар, маусым-тамыз айларындағы көпжылдық көрсеткішпен салыстырғанда жаңбырлы болады. Алматыда, Петропавлда (Қызылжарда) және Өскеменде жүргендерге қолшатыр алып жүру көптік етпейді. Бұл қалаларда ең көп жауын-шашын болады — сәйкесінше 235, 202 және 178 мм.

Ал Қызылорда, Түркістан және Ақтау тұрғындары мен қонақтарына жаңбырдан қорғану қажет болмайтын секілді: бұл аймақтар өткен жылдардағыдай ең құрғақ болып қала береді. Оларда сәйкесінше 17, 21 және 29 және мм жауын-шашын күтіледі. Қостанай — өткен жылмен салыстырғанда осы жазда жауын-шашын аз болатын жалғыз өңір. 2023 жылдың маусым-тамыз айларында 207 мм жауын-шашын болды, ал бұл жылы климаттық нормаға сәйкес, 152 мм болады деп күтілуде.

Яндекс таулардағы ауа райын қалай болжайды

Егер жазда ыстықтан демалу үшін тауларға барғыңыз келсе, жақын арадағы болжамды Яндекс Ауа райы айтады. Бұған дейін сервис Қазақстанның таулы өңірлерінде метеоболжам үлгісін жақсартқан болатын. Бұрын ол 2х2 км² аумақтың шаршы учаскелері бойынша ауа райын, ал қазіргі көрсеткіш — 250х250 м². Тауларда ауа райы биіктікке байланысты айтарлықтай өзгеруі мүмкін — тіпті шағын аумақта. Мысалы, ойпатта орналасқан бір қалалық ауданда бір температура болуы мүмкін, ал жақын жерде — басқа температура болуы мүмкін, өйткені бұл аймақ жоғарыда орналасқан.

Яндекс Ауа райында Қазақстан бойынша болжамды метеорологтар мен машиналық оқыту инженерлерінің командасы құрайды. Сервис серіктерден, радарлардан және бес метеоболжам үлгісінен алынған деректерді қолданады. Олардың әрқайсысы нейрондық желілермен және машиналық оқыту технологияларымен жұмыс істейді. Мысалы, мұндай технологиялардың арасында — CatBoost бар. Ол үлкен деректерді талдайды және әртүрлі болжамдар жасайды, соның ішінде ауа райы да бар.

Яндекс Ауа райы — әлемнің кез келген нүктесі үшін ауа райы болжамы бар қызмет. Ол классикалық метеорологиялық тәсілдерді машиналық оқыту алгоритмдерімен біріктіретін, патенттелген Метеум технологиясына негізделген. Бұл әлем бойынша аспаптардағы мәліметтерден де, пайдаланушылардың сигналдарынан да үйренетін алғашқы технология. Күн сайын планетаның әртүрлі нүктелерінен адамдар Яндекс Ауа райына 3 миллионнан астам хабарлама жібереді.


[1] Температуралық норма — белгілі бір аумақтағы белгілі бір кезеңдегі көпжылдық бақылаулар бойынша есептелген орташа температура.

Жаңалықтар | Новости

Instagram@nurlyolke