Суббота, 27 июля, 2024

Instagram@nurlyolke

Басқада

spot_img

Ботулизмнің алдын алу

Ботулизм — бұл ботулизм токсиндерімен ластанған тағамдарды пайдаланғаннан болатын және жүйке жүйесінің ауыр зақымдалуымен сипатталатын тамақтан улану.

Ботулизм қоздырғыштарының тұрақты ортасы — саңырауқұлақтарға, жаңа піскен жемістерге, көкөністерге, суға және т.б. түсетін топырақ.

Ботулизм қоздырғышының көбеюінің міндетті шарты — оттегінің болмауы, ол герметикалық жабылған банкаларда, нашар ысталған шұжықтарда, кептірілген балықтарда пайда болуы мүмкін.

Қатты консистенциялы тамақ өнімдерінде токсиндердер әрбір жерлерде жиналуы мүмкін, сондықтан осы тамақты пайдаланған кейбір адамдар ауырып қалуы, ал бір бөлігі ауырмауы мүмкін. Консервілерботулизм таяқшаларыөсетін жақсы орта болып табылады.

Ботулизм таяқшалары шығаратын токсин әсер ету күші бойынша барлық басқа бактериялық уыттар мен химиялық улардан артық. Ол сыртқы ортаның әсеріне  төзімді және 10-15 минут қайнаған кезде ғана жойылады.

Ботулизмнің  инкубациялық кезеңі 6-8 сағат, бірақ 8-10 күнге дейін созылуы мүмкін. Көп жағдайда ботулизм күрт басталады. Бұлшықеттің ауруы әлсіздік, бас айналу, бас ауруы, ауыздың құрғауы пайда болады. Бастапқы кезеңде жүрек айнуы, құсу, кейде іштің ауыруы мүмкін. Аурудың алғашқы екі күнінде көру қабілетінің бұзылуы пайда болады: көздің алдындағы перде немесе тор, көздің дірілдеуі, қабақтың түсуі, көздің қосарлануы. Дауыс әлсірейді, жұту және тыныс алу қиынға соғады. Аурудың ауыр жағдайында тыныс алудың айқын бұзылуы пайда болады. Тыныс алудың бұзылуы және тоқтауы – ботулизмнен көз жұмудың жиі кездесетін себебі.

Улануға қарсы сарысу тиімді емдеу құралы болып табылады.

Ботулизмнің  негізгі алдын алу шаралары:

— саңырауқұлақтарды, етті, балықты, аскөкті  консервілеуге болмайды;

— консервілеу үшін тек піскен жемістер мен көкөністерді пайдалану керек, бүлінген жемістерді консервілеуге болмайды;

— көкөніс пен жемістерді мұқият жуу керек;

— банка мен қақпақтарды зарарсыздандыру ережелерін және үйде өнімдерді термиялық өңдеу режимін қатаң сақтау қажет;

— үйдегі консервілер төмен температурада сақталуы тиіс, қақпағы көтерілген банкаларды міндетті түрде жою қажет;

— базарларда үйде дайындалып, консервіленген саңырауқұлақтар мен көкөністерді сатып алуға тыйым салынады.

Балалар ботулин уына әсіресе сезімтал болғандықтан, оларға алдын-ала термиялық өңдеуден өтпеген  үйде консервіленген тағамдарды беруге болмайды.

Ботулизмнің алғашқы белгілерінде білінген жағдайда дереу дәрігерге қарау қажет, бұл сіздің денсаулығыңыз бен өміріңізді сақтауға мүмкіндік береді!

«Қонаев қаласының СЭББ» РММ бас маманы А. Алимжанова

Жаңалықтар | Новости

Instagram@nurlyolke